Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Адамбаев Даурен

Адамбаев Даурен самбо, дзюдо күресінен спорт шебері. Самбо күресінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы (1995).

 Жанасылов, С. Дәуренге тілек [Мәтін] / С. Жанасылов // Заман.- 2007.- 15 қараша(№46).- 4 б.

Жанасылов, С. Үш атасын танымас [Мәтін] / С. Жанасылов // Заман.- 2007.- 2 наурыз(№9).- 4 б.

Ақыжанов Жәкен

Ақыжанов Жәкен 10 қыркүйек 1942 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ленин колхозында туды. 1960 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Қарқаралы ‘‘қазақша күрес’’ секциясына қатысты. Алғашқы жаттықтырушысы Кәмел Жансагимов болды. 1962 жылы техникумның 3 – курсында жүргенде әскерге шақырылды. Әскер қатарында жүргенде де күресті әрі қарай жалғастырып, Ленинград әскери округінде алғашқы ‘‘самбо’’  күресіне қатысып, сол округтің құрама командасының қатарында 1965 жылға дейін мүше болды. Осы үш жыл ішінде өз салмақ категориясында бірнеше дүркін жүлдегер және жеңімпаз танылды. Соның нәтижесінде ‘‘самбо’’ күресінен шебер кандидаттық нормативін орындады. Құжаттары бар.

            Әскери борышын өтеп келген соң Шет ауданының Ы. Алтынсарин атындағы  орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінен мұғалім бола жүріп, күресті әрі қарай жалғастыра берді. 1973 жылы Торғай қаласында өткізілген бүкіл қазақстандық спартакиядасында жеңімпаз атанып, ‘‘қазақша күрестен’’  спорт шебері атанды. Кейіннен 1966-1972 жылдары Серік Демесінұлы жаттықтырушы болды.1966-1983 жылдар аралығында Қарағанды, Жезқазған облыстарының құрама командасының мүшесі болып, бірнеше рет Республикалық және бұрынғы Советтер одағы көлемінде ‘‘қазақша’’, ‘‘самбо’’ күрестеріне қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінді. 1983 жылдың қараша айынан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басқарушысы болып осы уақытқа дейін жұмыс ітейді. Осы мектепте күреске баулыған Сейсенбай Жанасылов, Тұрар Төлепбеков, Қыдырбай Әбішев, Нұрлан Ахметбеков, Қайдар Қанжанов, Самал Айнатаев және тағы басқалары күрес шеберлері атағына ие болды.                         

Пайдаланған әдебиеттер:

 Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] / К.Жүністегі.- Алматы: “Ел-шежіре” ҚҚҚ, 2007. – 260-261 б.                                

 Нар тұлғалы азамат  [Мәтін] / Заман.- 1998.- 21 қазан  (№40).-4 б.

Шет ауданы : [Мәтін] энциклопедия – Алматы: Қазақпарат,  2011- 138 б.

 

Мерзімді басылымдар беттерінен:

Сәлменова, С. Арнау  [Мәтін] / С. Сәлменова // Заман.- 1998.- 24 қазан  (№40).-4 б.

PDF материалдары

Айнатаев Самлабек

Айнатаев Самалбек Саябекұлы 1966 жылы дүниеге келген.                       

«Қазақша  күрестен», «Самбо» күресінен ҚР спорт шебері, «қазақша күрестен»бірнеше дүркін түйе палуаны.1990 жылы Орал қаласында самбо күресінен КСРО спорт шеберлігін орындады.

 Жазылбек Қуанышбаев атындағы Республикалық турнирінің 1988-1989 жылғы түйе палуаны.

 Мойынқұм ауданы Жамбыл облысында өткен Қазақстан чемпионатында   1988-1989 жылғы түйе палуаны.

 Қостанай облысы Тарин селдосы Жақсығұлов атындағы Республикалық турнирдің 1989 жылғы түйе палуаны. Орал облысы Каменка селосы М.Тәжімбетов атындағы Республикалық турнирдің 1990 жылғы түйе палуаны. Кентау қаласында Н.Нұрмақов атындағы Республикалық турнирдің 1991 жылғы түйе палуаны.

 

Әбдіқасова Пәну

Әбдіқасова Пәну 1935 жылы туған.  Ғалым, спортшы. Физика – Математика ғылымдарының доктыры, проф. Қазақ  ҰТУ-нің теориялық және қолданбалы механика кафедрасының меңгерушісі. Шахматтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Пайдаланған әдебиеттер:

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-71 б.

Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-93-94 б.

Ол туралы:

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-71 б.

Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-93-94 б.

Әбдіразақова Мақпал

Қарағанды облысы, Шет ауданында 1986 жылы туған. Өлкеміздегі қыздар арасынан шыққан бірден бір саятшы, ҚР чемпионы, спорт шебері. 

              Шет өңірінің қасиетті топырағының әсерінен бе, әлде қайдам, талай мықтылар дүние келген. Ғылым мен білімнің де, спорттың салаларын меңгеріп, шыңдарынан көрініп  жүрген Шет ауданының тумалары баршылық.. Атап жатудың өзі артық. Бүгінгі тақырыбымыздың төркіні бүркітші Мақпал жайында. Әкесі Мұрат Әбдіразақовтың саясаткерлікпен шұғылданып жүргені үлкен әсер беру керек. Мақпал қарындасымыз да басқа құрбыларынан ерекшеленіп атқа отырды.Қолына қыран ұстады.Сөйтіп, Қазақстандағы саясат спортының чемпионы атанды.Спорт шебері куәлігін қолына алғанына куә болдық. Еліміздегі жалғыз қыз бүркітті баптау өнерін меңгерген. Ол туралы талай газет-журналдар мен телидидарлар жазып та айтып жатыр. Ұлттық тәлім-тәрбие бойына сіңген Мақпалды барлық қазақстандықтар,әсіресе ұлттық спортты құрметтейтін қауым «Құсбегі қыз» деп атайды.Атына заты  лайық Құсбегі қыздың талай жарыстардан жарқырап көрініп, Шет ауданның беделіне үлесін қоса берсін деп тілерік! Қазақтың ұлттық спортының бүгінгі таңда күні оңынан туды. Мерекелер мен тойларда ғана болатын бәге, аударыспақ, қазақша күрестер бүгінде ресми жарыстардың да шеңберінде ұйымдастырылып тұрады. Жақыңда өткен «Сарыарқа - 2008» атты Қарағанды облысы ауыл спортшыларының жазғы спартакиадасында Шет ауданы спортшылары командалық бәсекеде жүлделі екінші орынды иеленді.Жыл сайынғы жарыстарда жүлделі орындардан түспейтін ауданның спортшылары аударыспақ, көкпардан үздік командалар болып танылған.

Мерзімді басылым беттерінен:

Тұңғыш бүркітші қыз [Мәтін] // Орталық Қазақстан.- 2014.-20 наурыз (№53-54).- 4 б.

Қолына бүркіт қоңдырған [Мәтін] / С. Тұяқбайқызы //Шет шұғыласы.-2008.-20 наурыз (№12).-4б. 

Ысқақ, А. Арқаның самалындай [Мәтін] / А. Ысқақ // Шет шұғыласы.- 2011.- 17 наурыз (№11).-5 б.

Әбдіразақов, М.  Шабытымыз шалқып, мерейіміз өсті [Мәтін] / М.Әбдіразақов // Шет шұғыласы.- 2011.- 4 тамыз (№31).-3 б.

Жосалбай С. Қанатың талмасын, Мақпал [Мәтін] / С. Жосалбай // Заман.- 2007.- 24 желтоқсан  (№51-52).-5 б.

Әбдиева, Ш. Ер мінезді бүркітші қыз [Мәтін] / Ш. Әбдиева // Шет шұғыласы.- 2011.- 6 қазан (№40).-5 б

Әбдиева, Ш. «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» фестивалі [Мәтін] / Ш. Әбдиева // Шет шұғыласы.- 2012.- 12 шілде (№28).-4 б.

Жақып, И. Қызылшоқы баурайында өткен салбурын [Мәтін] / И. Жақып // Шет шұғыласы.- 2008.- 18 желтоқсан (№53).-5 б.

Әлімшайқы Сәлімбайұлы

XIV ғасырдан бізге есімі ғана жеткен Баймұрат Жаңабай, Кенжебай Әжібек палуандардың өнерін ХХ ғасырдың аса қиын бірінші жартысында жалғастырған осы Әлімшайқы Сәлімбайұлы. 1940 жылдардың аяғынан 1960 жылдардың  басына дейін осы елді берісі Қазақстан, әрісі Орта Азия елдеріне қазақша күрес өнерімен айрықша танытты. 1945 жылғы 12 тамыздағы Бүкілодақтық денешынықтырушылардың  Қызыл алаңдағы шеруіне қатысушы. Әлімшайқы палуан 1951-1955 жылдары еліміздің 5 дүркін чемпионы атағын жеңіп алды. Әлімшайқы Сәлімбайұлы Орта Азия елдерінің чемпиондық тәжін де әлденеше рет басына киген айтулы күрескер.    

             Қазақ күресінен Қазақстан мен Орта Азияның он бір дүркін чемпионы. Орта және жартылай ауыр салмақта белдескен. Қазақ палуандары арасында спорт шебері атағын алғаш болып алушылардың бірі.                                                                   

        1955 ж Алматыдағы «Рауан» баспасынан шыққан Е. Мұхиддинов пен П.Ф.Матущак авторлық еткен «Қазақша күрес» кітабында. «А.Сәлімбаев был по истине настоящим батыром. Высокии с широкими плечами  он обладал большой силой и завидной внешностью.... Особенно удавался ему бросок с обвивом с захватом пояса через одноименное плечо» деп жазады да, оның Қазақстан мен Орта Азияның қазақша күрестен тең келмес екенін айтып өтеді.

         Атағы жер жарған Әлімшайқы палуан Шет ауданының 10 ауылында туып өскен. Қазақ жолымен Керней Түйте Сәдібек болады. Ұзақ жылдар Ақжал кенішінде жұмыс істеп, осы жерде өмірінің соңына дейін тұрған.      

 

Пайдаланған әдебиеттер:

Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] / К.Жүністегі.- Алматы: “Ел-шежіре” ҚҚҚ,   2007. – 259 б.                                

Шет ауданы : [Мәтін] энциклопедия – Алматы: Қазақпарат,  2011- 138 б.

Әміров Ғазиз

Әміров Ғазиз Құрманғазыұлы 1987 жылы 19 наурызда туған.

Ы.Алтынсарин атындағы мектептің түлегі. (1994-2004 ж.)

Е.Букетов  атындағы КарГУ заң.факультеті заңтану мамандығы бойынша бойынша бітірді. (2004-2008 ж.)

Спорт жетістіктері:2008 ж.Самбодан «Қазақстан Республикасының спорт шебері. 

Дартаев Айдын

Дәртаев Айдын Батырланұлы 1992 жылы 9 желтоқсанда Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. Күрестің самбо және дзюдо түрлерінен ҚР спорт шебері (2011). ҚР бірнеше дүркін чемпионы. Самбодан жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы (2010, Грузия), дзюдодан әлем кубогының жеңімпазы (2005, Түркия), Азия біріншілігінің қола жүлдегері (2012, Ташкент).

Жетістіктері:

1.Қазақстан чемпионаты-1 орын.Дзюдо.Талдықорған,8 тамыз,2008 ж.

2.Клубтар арасындағы Азия чемпионаты 1991-92 ж.3 орын.Самбо.Астана,12 қаңтар 2007 жыл.

3.Р.Валиев атындағы ашық УІ Республикалық турнирде 39 кг.салмақта-1 орын.Астана,10-11 қаңтар 2006 ж.

4.Анталия (Түркия)Әлем кубогі 38 кг.-1 орын

5.Қазақстан чемпионаты-3 орын.Дзюдо.Талдықорған.

6.Қазақстан чемпионаты-3 орын.Самбо.Степногорск.

7.Кеңес Барақатовты еске алуға арналған ІУ-ші Республикалық жарыста-1 орын.Атырау.

8.ІУ-ші ашық Республика турнирі «Огни Магнитки» 1992-95 ж.жасөспірімдер арасында 38 кг.салмақта-1 орын

9.Бақыт Ташметовты еске алуға арналған Дзюдо күресінен ІУ-ші Республикалық турнирде -3 орын.Тараз,28-30 қыркүйек,2007 ж.

10.Қазақстан чемпионаты іріктеу жарысына Қарағанды облысының біріншілігінде  55 кг салмақта-1 орын.12-13 қаңтар,2008 ж.

11.Республика турнирі З.Көкжаловты еске алу-1 орын.Самбо.2005 ж.

12.Республика турнирі З.Көкжаловты еске алу- 2 орын.Самбо.2006 ж.

13.Облыс спартакиадасында-1 орын.Дзюдо.Қарағанды,2008 ж.

14.Облыс чемпионаты жасөспірімдер арасында-1 орын.42 кг.2005 ж.

 Мерзімді басылымдар беттерінен:

Шет шұғыласы. - 2021. - 19 тамыз (№33). - 3 б.

Демесінұлы Серік

Серік Демесінұлы 1936 жылы 25 қарашада Қарағанды облысы, Шет ауданы, Айғыржал колхозында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағайындарының қолында өсті. 7 класcқа дейін аудан орталығындағы мектепте оқыды.

          1956 жылы Қарағанды қаласындағы №2 ші мектепті бітіргеннен кейін  еңбек жолын өзінің туған ауылында бастады. Спортты өміріне серік еткен ол көп ұзамай ірі жарыстардан көрініп, еліміздің басты командасының құрамына алынады. Одақтық жарыстарға қатысып, жеңімпаз болды.

          1955 жылы Воронеж қаласындағы Одақтық жарыста, 1956-58 жылы Ташкенттегі Орта Азия студенттері арасындағы жарыста, Мәскеудегі жарыстарда жүлдегер атанды. 1960 жылы Шымкент, 1961 жылы Семей қаласында ауыл-село жастарының арасында өткен жарыста бірінші орын алды. Серік Демесінұлы 1963 жылдан аудандық жасөспірімдер мектебінде зейнеткерлікке  шыққанға дейін жаттықтырушы болып,жемісті еңбек етті. Ол ауданымызда спорт шеберлерін даярлауда өзіндік сүбелі үлесін қосты. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы 1961 жылы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің негізін салып, өзі ұзақ жылдар сол мектепте жастарды тәрбиелеумен шұғылданды.                     Қазақ ССР-інің спорт шебері атағын алған Серік Демесінұлы Орта Азияның және Қазақстанның әлденше дүркін чемпионы.

          Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы 1961 жылы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің негізін салып, өзі ұзақ жылдар сол мектепте жастарды тәрбиелеумен шұғылданды.

          1966 жылдан үш жыл қатарынан Серіктің шәкірттері облыстық жарыстың жеңімпазы танылды.                                                                                  Өзінің саналы өмірін спортқа арнаған С.Демесінұлының жарқын бейнесі оны білетіңдердің есімінде ардайым сақталады.1998ж 15-ші ақпанда Орта Азия мен Қазақстан Республикасының қазақша күрестен бірнеше дүркін жеңімпазы, спорт шебері, зейнеткер Серік Демесінұлы ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болды. 1988 жылы Секең мезгілсіз дүниеден қайтты.

Пайдаланған әдебиеттер:

          Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] / К.Жүністегі.- Алматы: “Ел-шежіре” ҚҚҚ,   2007. –259-260 б.                                

Шет ауданы : [Мәтін] энциклопедия – Алматы: Қазақпарат,  2011- 138     б.

Ол туралы:

          Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] / К.Жүністегі.- Алматы: “Ел-шежіре” ҚҚҚ,   2007. – 260 б.                                

Шет ауданы : [Мәтін] энциклопедия – Алматы: Қазақпарат,  2011- 138 б.

Мерзімді басылым беттерінде:

 Серік Демесінұлы  [Мәтін] // Заман.-1998.-21 қазан (№7).- 6 б.

 Топжарған [Мәтін] // Заман.- 2007.-22 ақпан (№8).- 6 б.

          Демесінұлы  Серік  [Мәтін] Заман.- 1998.- 21 ақпан.- (№7).-8 б.

Әбдірахманов, М. Дарабоз [Мәтін] / М.Әбдірахманов // Шет шұғыласы.-    2008.- 17 сәуір (№16-17).-7 б.

Мұқашева К. Көңілге ыстық сол күндер [Мәтін] / К. Мұқашева // Шет шұғыласы. - 2010.- 11 ақпан (№7).-8 б.

Суханберлин О. Мақтанышым [Мәтін] / О. Суханберлин // Орталық Қазақстан. - 2006.- 29 шілде (№).-8 б.

Жанасылов Сейсенбай

1957 жылы Ақсу-Аюлыда туған. Ақадыр спорт мектебінің директоры. 1967 ж. Қазақстан Республикасының спорт шебері. 1980 ж КСРО спорт  шебері. ХV – бүкіл Қазақстандық спартакияданың чемпионы. 1978, 1979, 1980 ж қазақша күрестен Қазақстан чемпионы. Самбодан 1970-77 жылғы Россия , Солтүстік батыс аймағының чемпионы. Бішкекте өткен И. Гришин атындағы бүкілодақтық турнирдің чемпионы. Қазақша күрестен Ы. Жақаев, Ж. Қуанышбаев атындағы Республикалық турнирдің чемпионы. 1979-81 жылғы Қажымұқан атындағы Республикалық турнир чемпионы. Облыстық, Орталық Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Көптеген халықаралық турнирдің жеңімпазы. Халықаралық дәрежедегі төреші.

Тренерлері: Т. Төлепбеков, Д. Биткөзов.

  1990 жылдан Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы. 25 спорт шеберін дайындап шығарған.

Пайдаланған әдебиеттер:

  Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] / К.Жүністегі.- Алматы: “Ел-шежіре” ҚҚҚ,   2007. – 260 б.                                

  Шет ауданы : [Мәтін] энциклопедия – Алматы: Қазақпарат,  2011- 138 б.

Ол туралы:

Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] / К.Жүністегі.- Алматы: “Ел-шежіре” ҚҚҚ,   2007. – 260 б.                                

Шет ауданы : [Мәтін] энциклопедия – Алматы: Қазақпарат,  2011- 138 б. 

Ақыжанов, Е. Күрестен бар бақытын тапқан дарын [Мәтін] / Е. Ақыжанов // Заман.- 2007.- 22 қараша (№47).-5 б.

Мерзімді басылымдар беттерінен:

Жанасылов, С. Дәуренге тілек [Мәтін] / С. Жанасылов // Заман.- 2007.- 15 қараша(№46).- 4 б.

Жанасылов, С. Үш атасын танымас [Мәтін] / С. Жанасылов // Заман.- 2007.- 2 наурыз(№9).- 4 б.

 Ақыжанов, Е. Күрестен бар бақытын тапқан дарын [Мәтін] / Е. Ақыжанов //        Заман.- 2007.- 22 қараша (№47)-5 б.

 Спорттың майын ішкен /[Мәтін]//Шет шұғыласы.- 2013.- 11 шілде (№28).- 5 б.

Жанасылов, С. Спорт – салауаттылық кепілі [Мәтін] / С. Жанасылов // Шет шұғыласы.- 2010.- 12 тамыз (№33) .-5 б.

Қанжанов Бейінбет

PDF материалдары

Құрал Қаппарұлы

Құрал Қаппаров 1938 жылдың 30 желтоқсанында Шет ауданындағы Байназар аулында дүниеге келді. Қырық жыл бойы білім беру саласында дене тәрбиесі, еңбек, алғашқы әскери дайындық пәндері бойынша ұстаздық қылды. Аудандағы қазіргі соқталдай-соқталдай азаматтардың көбісін үлкен өмірдің соқпағына осы Құрал аға ширатып салды.

       Құрал аға Әмірұлы хақында әңгіме қозғағанда, алдымен ауызға халқымыздың атамзаманнан аты өшпей келе жатқан ойыны – тоғызқұмалақты алу керек. Шет ауданында, тіпті облыс көлемі бойынша тарихпен бірге жасасып келе жатқан тоғызқұмалақ сынды көне ойынның өшкенін жағып, жоғын тапқан жандардың бірі hәм бірегейі Құрал Қаппаров десек ақиқаттан қия баспаспыз.

          Құрекең халықтың жадында көмескіленіп қалған тоғызқұмалақ сынды көне ойынды өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап насихаттап, оны дамыту ісіне мықтап ден қойды. Тоғызқұмалаққа қатысты нәрсенің баршасы Құрекеңнің назарынан тыс қалмады. Ұлттық ойынның арғы-бергі тарихы, оның адамның ақыл-ойын жетілдіруге тигізетін пәрмені болашақта тамырын тереңге жайып өріс алуы, бәрі-бәрі ұлтжанды азаматты өмір бойы толғандырып өтті.

           Құрекеңнің тынымсыз еңбегі табыссыз да болмады. Оның дәріс беріп, тоғызқұмалақтың қыр-сырын тануға баулыған шәкірттері өз алдына бір шоғыр боп өсіп, аудан, облыс hәм република деңгейіндегі додалардан олжалы оралып жүрді. Өз алдына мектеп салды деген осы емес пе? Есімдері елге мәлім тоғызқұмалақшылар Ерқанат Бөлкенбаев, Өркен Қаппаров, Жанна Сәулебекова, Гүлжан Ізбасарова, Ерлан Мұқабаев, Құрал Самал, ағайынды Сыздықовтар және т.б. Құрекең мектебінің түлектері. Тоғызқұмалақ ойынының дамуына маңдай тері сіңген ағамыздың майдан еңбегі атаусыз қалған жоқ. 2002 жылы ҚР Туризм және спорт агенттігі басшысының бұйрығымен «Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері» деген атаққа ие болды.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

Төрехан, М. Шікіл[Мәтін] /М. Төрехан // Алматы: ҚазАқпарат.- 2008.- 345-346 б.

Ол туралы:

Төрехан, М. Шікіл[Мәтін] /М. Төрехан // Алматы: ҚазАқпарат.- 2008.- 345-346 б.

 

Мерзімді басылымдар беттерінен:

   Әбілдинов, Қ. Ұлы әкесін ұлықтады [Мәтін] / Қ. Әбілдинов // Орталық Қазақстан.- 2005.- 3 қыркүйек (№46).-5 б.

  Абдиева, Ш. Ұлттық ойын ұлықталған дүбірлі дода [Мәтін] / Ш. Әбдиева //   Шет шұғыласы.- 2008.- 16 қазан (№44).-4 б.

Мұқабаев Өмірбек

Мұқабаев Өмірбек Мейрамбекұлы  1962 жылы туған.

 «Қазақша күрестен» және «Еркін күрестен» спорт шебері. Аудандық,облыстық біріншіліктердің жеңімпазы, республикалық біріншіліктердің жүлдегері.

    1983 жылы Алматы қаласында «Еркін күрестен» республикалық біріншілікте №1 спорт шебері атағын иеленді.

Смайлов Төлеутай

Есенбекұлы Тілеуқабыл 1943 жылы Шет ауданда дүниеге келген. Бүркітші, құсбегі. ҚарПТИ-ді бітірген. 1967-1970 жылы құрылыста прораб-инженер, 1970-1973 жылы Шет аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1973-1975 дылы аудандық облыстық партия комитеттерінде, 1976-1991 жылы мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде әр түрлі қызметтер атқарды. Ұмыт болуға айналған халқымыздың төл өнері құсбегілік қайта жандандырып, халықаралық «Салбурын» сайысын алғашқылардың бірі болып өткізді. Шетел ақпарат құралдарында құсбегілікті насихаттауға барынша күш салды, Батыс Еуропа елдерімен құс баптау бойынша тәжірибе алмасу жұмысы жолға қойылды. Экологиялық, аңшылық туризммен шұғылдану мақсатында және қоршаған ортаны сақтап қалу жолында көп еңбек сіңірген азамат.                                                                 

Пайдаланған әдебиеттер:

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-89 б.

Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-163 б.

Ол туралы:

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-89 б.

Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-163 б.

Смагулов Жандос

Смағұлов Жандос Жанатұлы 1992 жылы 26 қыркүйекте туған.

1.Қазақстан чемпиолнаты-2 орын.Дзюдо.Талдықорған.        

2.Қазақстан чемпионаты-2 орын.Самбо.Степногорск,2007 ж.

3.Қазақстан чемпионаты-3 орын.Дзюдо.Павлодар,2006 ж.

4.Республика турниры З.Көкжаловты еске алу-1 орын.Самбо.2005 -2006 5.Азия чемпионаты-3 орын.Астана,2007 ж.

6.Республикалық турнир-3орын.Екібастұз,2007 жыл

7.Республикалық турнир-1 орын.Шет.

8.Қазақстан жұлдызы-3 орын.Алматы,2007 жыл.

9.Республикалық турнир-3 орын.Астана,2006 ж.

10.Республикалық турнир-2 орын Атырау,2006 ж.

11.Республикалық турнир-1 орын.Қарағанды обл,2006 ж.

12.Республикалық турнир-1 орын.Қарағанды обл.Еркіндік,2006 ж.

13.Республикалық турнир-3 орын.Теміртау қ.

14.Самбо күресінен -1 орын.Қарағанды,2007 ж.

15.Дзюдо күресінен-1 орын.Қарағанды,2005 ж.

16.Дзюдо-3 орын.Қарағанды,2006 ж.

17.Дзюдо-1 орын.Қарағанды,2007 ж.

18.Дзюдо-1 орын.Қарағанды,2007 ж.

19.Самбо-дзюдо-3 орын.Қарағанды,2008 ж.

20.Дзюдо-2 орын.Қарағанды,2008 ж.

 Мерзімді басылымдар беттерінен:

Индустриальная Караганда. - 2021. - 11 марта (№27). - С. 8

Казахстанская правда. 2021. 22 февраля (№36). - С.12

 Орталық Қазақстан. - 2021. - 22 шілде (№79). - 8 б

Жас Алаш. - 10 наурыз (№19). - 8 б.

Орталық Қазақстан. - 2021. - 13 наурыз (№28). - 8 б.

Индустриальная Караганда. - 2021. - 30 ноября (№134). - С. 11

Светлова,С В режиме нон-стоп [Текст] /С.Светлова //Индустральная Караганда,2021.-24 апреля (№44).- С.8

Есенбеков Тілеуқабыл

 Есенбекұлы Тілеуқабыл 1943 жылы Шет ауданда дүниеге келген. Бүркітші, құсбегі. ҚарПТИ-ді бітірген. 1967-1970 жылы құрылыста прораб-инженер, 1970-1973 жылы Шет аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1973-1975 дылы аудандық облыстық партия комитеттерінде, 1976-1991 жылы мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде әр түрлі қызметтер атқарды. Ұмыт болуға айналған халқымыздың төл өнері құсбегілік қайта жандандырып, халықаралық «Салбурын» сайысын алғашқылардың бірі болып өткізді. Шетел ақпарат құралдарында құсбегілікті насихаттауға барынша күш салды, Батыс Еуропа елдерімен құс баптау бойынша тәжірибе алмасу жұмысы жолға қойылды. Экологиялық, аңшылық туризммен шұғылдану мақсатында және қоршаған ортаны сақтап қалу жолында көп еңбек сіңірген азамат.                                                                 

Пайдаланған әдебиеттер:

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-89 б.

Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-163 б.

Ол туралы:

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-89 б.

Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-163 б.

Нұрланбек Мөлдір

Мөлдір Боранбайқызы Нұрланбек 1994 жылы 15 ақпанда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ортау ауылында дүниеге келді. Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр кентінде Мәншүк Маметова атындағы орта мектебінде 11 жылдық мектепті тәмәмдаған. Спортты кішкентай кезінен жақсы көретін, асық ойнап, футбол ойнап, ұл балалармен күресіп жүретін. Сосын 5 сыныптан бастап Ақадыр жасөспірімдер спорт мектебіне  күреске қабылданған. Содан бері дзюдо, самбо, қазақша күреске қатысып жүр. Талай жүлдегердің иесі болған. 5 дүркін Қазақстан чемпионы, 1 дүркін Азия чемпионы (күміс алқа), 1 дүркін Әлем чемпионы (қола алқа), қаншама халықаралық турнирлердың женімпазы болды. Мектепте де оқып жүріп талай спортакиадаларға қатысып, шаңғыдан, жеңіл атлетикадан, футболдан жүлделі болып жүрді. Мектеп бітірген соң МГТУ колледжінде  «Спорт және денешынықтыру» мамандығын алды (қызыл дипломмен). Қазіргі кезде сырттай КарМУ-ды осы мамандық бойынша оқып жатыр және де Қарағанды қаласында «Еңбек» спорт мектебінде осы сала бойынша шәкірттер дайындап, бапкер болып жұмыс атқарады.

Асылхан және Аңсаған Қожанәсіп

Дәрібай Оспанов

Спорт жаңалықтары

Қанат Сағындық

PDF материалдары

Жансай Смағұлов

Айдын Аманбаев

Ербол Сәдуақасов

PDF материалдары

Өткен ғасырдың жиырма сегізінші жылында аудан болып құрылған Шет бүгінде керегесін кеңге жайған облысымыздағы іргелі аудандарының бірегейі. Содан бергі кезеңде сынаптай сырғыған уақыт-ағзаммен үндесе күн кешіп, қоғам өміріндегі елеулі серпілістер мен сілкіністерге қоян-қолтық араласты. Сонар түспеген соңғы шақта тыңнан түрен тартқан ауданымыздың абыройын асқақтатып спорт әлемінде өшпес із қалдырған