Ахметбеков Жоңқабай
1924 жылы Шет ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын ауыл шаруашылығынында қатардағы еңбеккер болып бастаған. Ұлы Отан соғысының ардагері. Көптеген жауынгерлік орден, медальдармен марапатталған. Елге оралғаннан кейін ауыл шаруашылығында әр түрлі қызметтер атқарған. Аудандық Тұтынушылар одағында дайындаушы болып істеген. 2002 жылы дүние салған
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 67 б.
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 84 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 67 б.
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 84 б.
Жаңабеков Мәдіхан
Екінші жаhан соғысына қатысушы. 1942 жылы майданнан оралып, ДОСААФ мекемесінде нұсқаушы, 1943 жылы ауданның комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1948 жылы Кеншоқыда партком хатшысы қызметтерін атқарған. Көптеген жауынгерлік орден-медальдармен марапатталған.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 94 б.
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 175 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 94 б.
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 175 б.
Мерзімді басылым беттерінен:
Ерлік ұмытылмайды [Мәтін] // Заман.- 2006.- 25 мамыр (№22).-1 б.
Майдангерлер лебізі [Мәтін] // Шет шұғыласы.- 2010.- 6 мамыр (№19).-5 б.
Ардагерлерді ардақтады [Мәтін] // Шет шұғыласы.- 2010.- 13 мамыр (№20).-2 б.
Майдангерлер лебізі [Мәтін] // Шет шұғыласы.- 2012.- 3 мамыр (№18).-4 б.
Ардагерлердің ақ тілегі [Мәтін] // Шет шұғыласы.- 2009.- 7 мамыр (№20).-4 б.
Сыздықова С. Майдангер [Мәтін] // С. Сыздықова / Шет шұғыласы.- 2010.- 13 мамыр (№20).-2 б.
Аяпбергенов Кәкішбай (1922-2011)
1922 жылы Шет ауданында туған. Екінші жаһан соғысына қатысушы. 1951-1956 жылдары Қарағанды ОРС НОД-5 жұмысшыларды жабдықтау мекемесінің наубайхана бастығы қызметін атқарған. Паровоз машинисінің көмекшісі, Дәрия стансасының депосы, Жаңаарқа стансасының депосы машинисінің көмекшісі, 1962-1987 жылдары тепловоз машинисінің көмекшісі болып істеген. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, 18 медальмен, Беларусь Республикасының 2 медалімен марапатталған. 2011 жылы дүние салған.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 69 б.
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 90 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 68 б.
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 90 б.
Мерзімді басылым беттерінен:
Майдангерлер лебізі [Мәтін] Шет шұғыласы.- 2010.- 6 мамыр (№19).-4 б.
Құтжанов Жұматай (1917 г.р)
Соғыс және еңбек ардагері Қарағандының Молотов атындағы Мемлекеттік оқытушылар институтын бітірген. Бірнеше рет селолық Советтерде депутат болып сайланған.1940-1977 жылдан бастап Ы.Алтынсарин мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген. Оның ішінде 1941-1948 жылдары мектеп директоры болған. 1943-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында болды. 1945-1952 жылдары Оқу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 1956-1958 жылдары мектеп директоры. 1958-1977 жылдары физика, математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Ұлы Отан соғысындағы наградалары : «Богдан Хмельницкий» ордені. «Ұлы Отан соғысының І дәрежелі» ордені. Еңбекте алған наградалары: «Знак почета» ордені. 1987 жылы Қарағанды облысы Шет ауданының Құрметті азаматы куәлік № 1. Қазақстан «Халық ағарту» ізінің үздігі. Бірнеше алғыс хаттармен марапатталған.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 115 б.
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 248 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 147 б.
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 248 б.
|
Мерзімді басылым беттерінен: Қабылдаұлы, С. Соғыстың соңғы солдаты [Мәтін] / С. Қабылдаұлы // Заман, 2006.-9 мамыр (№20).-5 б. Майдангерлер лебізі [Мәтін] // Шет шұғыласы, 2009.-7 мамыр (№20).-4 б. Майдангерлер лебізі [Мәтін] // Шет шұғыласы, 2010.-6 мамыр (№19).-4 б. Майдангерлер лебізі [Мәтін] // Шет шұғыласы.- 2012.- 3 мамыр (№18).-4 б. Құтжанов, Ж. Ел есімінақтар азамат [Мәтін] / Ж. Құтжанов // Зман.-1999.-25 қыркүйек (№36).- 1 б. Құтжанов, Ж. Зекет турасында [Мәтін] / Ж. Құтжанов // Зман.-1996.-17 шілде(№27).- 2 б. Жұқмкеұлы, Б. Отан үшін от кешкен майдангер [Мәтін] / Б. Жұмкеұлы // Шет шұғыласы.- 2014 7 мамыр (№18).3 б. |
PDF материалдары
Ахметұлы Қами (1906-2005 г.г)
Ахметұлы Қами 1906 жылы дүниеге келген .Соғыс және еңбек ардагері, милиондаған қыршын өмір құрбан болған Ұлы Отан соғысында туған елімізді жаудан азат етуге қатысқан ардагер әкелеріміздің бірі Қами Ахметұлы ақсақал. Ұлы Жеңістің 60 жылдығын көзімен көріп, жүзге қараған шағында фәнеден бақиға озған ардагер майдан жылдары Смоленск, Сталинград, Воронеж қалаларын қорғауға, Венгрия мен Чехославакияны азат етуге қатысқан. Жеңісті Берлинде қарсы алып, «Қызыл Жұлдыз», 1-2 дәрежелі «Отан соғысы», 3 дәрежелі «Даңқ», «Үздік минометчик» ордендерімен, «Праганы, Чехославакияны» азат еткені үшін, өзге де 50-ге жуық жауынгерлік медальдармен марапатталған. Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай Елбасының «Ерен еңбегі» медалімен республика бойынша марапатталған. Туған елге жеңіспен оралған ардагер еңбекке бел шеше араласып, Қарқаралы қаласындағы Қарағанды облыстық ауылшаруашылық оқу орнына түсіп, үздік бітіріп 30 жылдан астам уақыт Ақбауыр, Наршөккен, Комсомол ауылдарында агроном болып қызмет істеп зейнеткерлікке шықты. Осы жылдар арасында «Тыңды игеру» және «Тыңға 50 жыл» толуына орай медальдармен, республика, облыс, аудан көлемінде мақтау грамоталары және алғыс хаттармен марапатталған. 2005 жылы бала шағасының алдында ақтық сапарға аттанған. Ардагер жайлы қаламгер журналистер Ғаббас Смағұлұлының, Ермағанбет Лұқпанұлының «От кешу» кітабында, Төрехан Майбастың Шет өңіріндегі жыраулық мектепті ұстап қалған есімі белгілі ақындарымыздың бірі ретінде «Бір ауыз сөз» Шет өңірі ақындарының антологиясында және «Портреттер» кітабында жан жақты айтылған.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 68 б.
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 89 б.
Бір ауыз сөз.[Мәтін] Жыр кітабы.- Алматы: ҚазАқпарат.- 2008.- 30-32 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 147 б.
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 89 б.
Бір ауыз сөз.[Мәтін] Жыр кітабы.- Алматы: ҚазАқпарат.- 2008.- 30-32 б.
Мерзімді басылым беттерінде:
Беркімбаев Қаппар (1912-2006 г.г)
1912 жылы Ақшатау болыстығының оныншы ауылында дүниеге келген. Мал шаруашылығында еңбек еткен. Екінші жаһан соғысына қатысқан. Қаппар Беркімбаев 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, әскери міндетін Хабаровск өлкесінде орыс-жапон шекарасында өтейді. Сол әскерде жүргенде Ұлы Отан соғысы басталып, жауынгерлермен бірге соғысқа аттанады. Неміс басқыншыларына қарсы алапат соғыста аянбай шайқасып, Ленинград жерін азат етудегі шайқаста ауыр жараланып, госпиталден бірақ шығады. Осы жерде емделгенімен ауыр жарақаттанған.
Дияқажы ашқан Жәмшідегі мектепте оқыған. Өлке тарихына жетік адам. Осы өңірден шыққан ақындардың мұрасын бүгінгі күнге жеткізуші.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 135 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 135 б.
Мерзімді басылым беттерінен:
Дүйсенбеков Кәмәли
үйсенбеков Кәмәли партия қызметкері, Екінші жаһан соғысына қатысушы. Қарағанды қаласының, Шет ауданының Құрметті азаматы. Қазақстан КП ОК жанындағы партия мектебін бітірген. Соғыстан кейін ҚК Ворошилов аудандық комитетінің насихатшысы, бөлім меңгерушісі, Жаңаарқа аупартком хатшысы, ауатком төрағасы болады. 1965-1980 жылдары Шет аупарткомының бірінші хатшысы, 1980-1985 жылдары Жезқазған облысының полиграфия және баспа басқармасын басқарды. 1985 жылдан зейнеткер. «Даңқ» орденінің ІІ дәрежелісімен, І-ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, жауынгерлік медальдармен марапатталған. Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту, Құрмет Белгісі ордендерімен марапатталған.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 87 б.
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 154 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 87 б.
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 154 б.
Мерзімді басылым беттерінен:
Ершұманов Жұмаділ (1922 г.р)
Шет ауданының Жұмыскер ауылында туған. Екінші жаһан соғысында (1942-1945) Харьков бағытындағы ұрыстарда болған. Киев, Харьков қалаларын азат етуге қатысқан. Туған елге 1945 жылы оралып, ауыл шаруашылық саласында еңбек еткен. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, бірқатар медальмен марапатталған.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 161 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 161 б
Мерзімді басылым беттерінен:
Әбдиев Шәкен (1925-1991 г.г)
1925 жылы Шет ауданында дүниеге келген. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына қатысып, 1943 жылы ауыр жараланып гопспитальға түседі. Жазылып шыққан соң қайта майданға аттанып соғысты Берлинде аяқтаған. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін «Отан соғысы» орденімен, және «Ұлы Отан соғысына 20 жыл», «Ұлы Отан соғысына 30 жыл», «Ұлы Отан соғысына 40 жыл», медальдарымен, 6 июнь 1945 жылы КСРО Жоғарғы Совет Президумының Жарлығымен 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында көрсеткен еңбектері жоғары бағаланып, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Ұлы Отан соғысының мүгедегі. Соғыстан кейін де елінің, туған жерінің гүлденуі жолында еселі еңбек етті. 1991 жылы дүние салды
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 70 б.
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 91 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 70 б.
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 91 б
Мерзімді басылым беттерінен:
Шәкенова, Н. Ерлігі мәңгі өшпейді[Мәтін]/ Н. Шәкенова // Шет шұғыласы.- 2009.- 7 мамыр (№20).-6 б.
Әйменбетұлы Хамит (1915-1983 г.г)
1915 жылы Қарқаралы уезі Ақшатау болыстығының оныншы ауылында туған. Екінші жаһан соғысында Балтық жағалауындағы ұрыстарда рота командирі жұмысшыдан басқарма директорының орынбасарлығына дейінгі жолдан өтеді. Бүкілодақтық партиялық басқару курсын бітіреді. Ақжал, Шалқия, Жомарт кеніштерінің іргетасын қалаушылардың бірі. Шет аудандық тұтынушылар одағында, Ақшатау кенттік кеңесінде төраға болады. Көптеген жауынгерлік және мерекелік орден-медальдардың иегері.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 74 б.
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 106 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 74 б.
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 106 б
Әкішев Төкітай (1924-2009 г.г)
1924 жылы Шет ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының ардагері. Румыния, Болгария жерлерін азат ету жорықтарына қатысқан. Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен ерліктері үшін І дәрежелі Отан соғысы, ІІІ дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 75 б.
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 107 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 75 б.
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 107 б.
Мерзімді басылым беттерінде:
Ардагерлердің ақ тілегі [Мәтін] Шет шұғыласы.- 2009.- 7 мамыр (№20).-4 б.
Есімде соғыс жылдары [Мәтін] // Шет шұғыласы.- 2008.- 8 мамыр (№20).-5 б.
Әлібайұлы Амантай (1912 г.р)
1912 жылы Ақшатау болыстығының оныншы ауылында туған. Екінші жаһан соғысына қатысушы. 1939-1946 жылдар аралығында Мал шаруашылығының бірінші сыныпты шебері. 1989 Барлық саналы ғұмырын мал шаруашылығына арнаған. 1944 жылы бас қолбасшы И. Сталиннің «Алғыс хатымен» марапатталған , ІІІ дәрежелі Даңқ, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, 8 рет КСРО медальдерімен марапатталған.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 110 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 110 б
ӘмірбековСекербек (1924-1987 г.г)
1924 жылы Жамбылоблысы, Көктерек ауданының төртінші ауылында туған.1941-1948 жылдары екінші жаһан соғысына қатысушы. 1972 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын бітірген, агроном. Шет (Үңірек) ауылдық Кеңесінің хатшысы, Нұраталды ауылдық кеңесінің төрағасы, Шет совхозының ферма меңгерушісі, Кеншоқы және Шет совхозының аграномы, бас агрономы қызметтерін атқарған. Бірқатар медальдармен марапатталған. 1987 жылы өмірден озған
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 111 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 111 б
Жұқанұлы Шәукей (1915 г.р)
Қарқаралы уезі Ақшатау облыстығының Аяқши ауылында дүниеге келген. Қазақ ССР-і мен КСРО-ның үздік мұғалімі. Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі. 1960 жылы Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері. 1980 жылдары КСРО білім беру ісінің үздігі. Республика мұғалімдері IY съезінің делегаты. 1941 жылы Шет ауданының Құрметті азамты. Ақмола педучилищесінің түлегі. 1932-1937 жылдары Шет ауданының ақша бөлімінің есепшісі, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің мұғалімі, 1941-1942 жылдары аудандық оқу бөлімінің инспекторы, бастауыш сынып мұғалімі, 1946-1983 жылдары оқу ісінің меңгерушісі болған. Көптеген салалық Құрмет грамоталарымен, 11 медальмен марапатталған.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 99 б.
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 188 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 99 б.
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 188 б.
Мерзімді басылым беттерінен:
Жұқанұлы, Ш. Аудан өмірінің айнасы [Мәтін] / Ш. Жұқанұлы // Заман.- 2007.- 6 қыркүйек (№36).- 4 б.
Жұқанұлы, Ш.Ұрпақ ұмытпаса екен [Мәтін] / Ш. Жұқанұлы // Заман.- 2007.- 19 сәуір (№16).- 5 б.
Жұқанұлы, Ш. Ол осындай еді[Мәтін] / Ш. Жұқанұлы // Заман.- 2007.- 16 тамыз (№33).- 6 б.
Жұқанұлы, Ш. Білікті азамат еді [Мәтін] / Ш. Жұқанұлы // Шет шұғыласы.- 2008.- 24 сәуір (№).- 6 б.
Имағамбетов Әбдіғали (1906 г.р)
Ұлы Отан соғысының ардагері. Қарағанды қаласындағы №6, №3 шахталарда ұйымдастырушы болып көп жылдар еңбек етті. Қарағанды қалалық партия комитетінің мүшесі, аудандық Кеңестердің депутаты, 1948 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 101 б.
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 199 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 101 б.
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 199 б.
Мерзімді басылым беттерінен:
Жөшкеев, М. Жауынгердің тағдыры [Мәтін] / М. Жөшкеев // Шет шұғыласы.-2010.-6 мамыр (№19).-5 б.
Темірбеков Жамантай (1919 г.р)
Қарағанды облысы Шет ауданы 7-ші ауылында 1919 жылы туған. 1935-1939 жылдары Қарқаралының педучилищесіне түсіп, бітіреді. 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, туған топыраққа келместен соғысқа аттанады. Брянск, Смоленск, Орлов, 1943 жылы Курск иініндегі отты алапат шайқаста жарақаттанып, Қазан қаласының № 996 әскери госпиталіне түседі. Онда 6 ай емделіп қалалық горнизонның комиссия шешімімен кадр жетіспеушілігіне байланысты,Қазан қаласындағы Қызыл тулы танк училищесіне курсанттарды дайындауға жіберіледі. 1946 жылы елге оралады. 1947-1955 жылдар аралығында Шет аудандық партияның жолдауымен Қазақстан Орталық Партия Комитетінің жанындағы 2 жылдық жоғары партия мектебіне жіберіліп, оны үздік бітіреді. 20 қараша 1955-1959 жылдары Қарағанды облысы Шет ауданының партия комитетінің үшінші хатшысы. 26 қараша 1959-1961 жылдары Қарағанды облысы Шет ауданының партия комитетінің екінші хатшысы. 1 маусым 1961-1963 жылдары Ордженики-дзе совхозында партком секретары. 8 қазан 1963-1964 жылдары Ақтоғай аудандық ауылшаруашылығы басқармасында инспектор ұйымдастырушысы қызметінде жүріп Қарқаралы Зооветтехникумін сырттай бітіріп, зоотехник мамандығын алады. 22 желтоқсан 1964-1967 жылдары Орджени-кижзе совхозында бас хоотехник. 20 қыркүйек 1967-1973 жылдары Кеншоқы совхозында партком секретары болды. 16 ақпан 1973-1979 жылдары Жезқазған облысы Шет ауданы атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 16 қазан 1979 жылдан құрметті зейнеткерлік демалысқа шықса да еңбек жолын 25 қараша 1984 жылға дейін аудандық радиода хабар ұйымдастырушысы қызметін аяқтады. Еңбек жолы үкіметпен бағаланып Ұлы Отан соғысында « І-ші дәрежелі соғыс Ордені» медальдарымен мараптталған.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 147 б.
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 349 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 147 б.
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 349 б.
Мерзімді басылым беттерінен:
Майдангерлер лебізі [Мәтін] // Шет шұғыласы.- 2010.- 6 мамыр (№19).-5 б.
Майдангерлер лебізі [Мәтін] Шет шұғыласы.- 2012.- 3 мамыр (№18).-4 б.
Тұрсынбеков Серік (1919 г.р)
Тұрсынбеков Серік (1919 ж.т.)
Екінші жаһан соғысына қатысушы. Шет ауданының Құрметті азаматы. Отызыншы жылдардағы ашаршылықта Балқаш, Атбасар, Спасск балалар үйінде тәрбиеленеді. 1935 жылы елге оралып, орта білім алуға мүмкіндік алады. 1941 жылы майданға алынып, Курск иініндегі ұрысқа Сталинградты қорғауға қатысады. Екі рет жарақат алып, қатарға қайтып қосылады. Бейбіт күнде ауылшаруашылық саласында еңбек етіп, жеке құрылымдарға басшылық жасайды. Екі орден, 17 медальмен марапатталған.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 359 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 359 б.
Мерзімді басылым беттерінен:
Мұқаш, Ж. Ерлігі мен еңбегі егіз еді [Мәтін] / Ж. Мұқаш // Шет шұғыласы.- 2012.- 3 мамыр (№18).-5 б.
Шәкенов Сәкібай (1922 г.р)
1942-1946 жылдары Шет ауданының Бұрма ауылында дүниеге келген. Екінші жаһан соғысына қатысушы. Төртінші Украина майданында 10-гвардиялық механикаландырылған полктің № 237 танк-пулемет взводының командирі (лейтенант) болып соғысқа кіреді. Еуропаның көптеген қалаларын жаудан азат ету ұрыстарына қатысады. 1946-1989 жылдары теміржолшы болып еңбек етеді. Кеңестік бесжылдықтар екпіндісі. Қызыл жұлдыз, ІІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, 15 медальмен марапатталған.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 376 б.
Ол туралы:
Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 376 б.
Мерзімді басылым беттерінен:
Байшағыров Смағұл (1919-1996 г.р)
1919 жылы Шет ауданының екінші ауылында туған. Екінші жаһан соғысына қатысушы. Қызыл әскер қатарына 1939 жылы алынады, майданға алғашқы күннен кіреді. Польша, Жапония, Поляр аймағын жаудан азат ету ұрыстарына 32-ші атқыштар бригадасының құрамында артиллерист болып қатысады. 1944 жылы үздік артиллерист белгісіне ие болады. Майдандағы ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен (екі мәрте), көптеген әскери, мерекелік медальмен марапатталған. Бейбіт күнде Бұрма совхозының алғашқы парторгы, кадр бөлімінің меңгерушісі болады. 1996 жылы дүние салды.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 124 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 124 б.
Мерзімді басылым беттерінен:
Өшпес ерлікке құрмет [Мәтін] // Шет шұғыласы.- 2010.- 6 мамыр (№19).-7 б.
Акажанов Мукажан (1914 г.р)
Ғасыр жасаған ардагер
Ұлы Отан соғысының ардагері Мұқажан АҚАЖАНОВ 1914 жылдың 15 тамызында Қызылту болысында дүниеге келген. Әкесі Ақажан ескіше оқыған сауатты адам болған. Баласының хат танып, білім алуына бар жағдай жасаған.
Сол жылдары өңірде ешқандай білім ошақтары болмағандықтан, Мұқаңды 1927 жылға дейін төте жазуға әкесі өзі оқытқан екен. Алайда, 1928 жылы кәмпеске (конфискация) науқаны басталып, сол ағымға Ақажан молланың да отбасы ілінген. Еңбек жолын Мұқажан Ақажанов 1929 жылы Ақтөбе ұйымында (қазіргі Ақтөбе ауылы) жаяу пошташы болып бастайды. 1931-1932 ашаршылық жылдары Ақтөбе ұйымының халқын қажетті азық-түлік, киім-кешек және басқа да тұрмыстық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін қызметті басқарды. Қарамағында сегіз ат шана мен ат арба және он алты адам болған.
1932 жылы Мұқаңның басшылығымен Ақтөбе ұжымына қарасты жерде тек қол күшімен біршама егін салынды. Жалғыз ат соқамен және күрекпен жер өңделіп, қол тырмамен малаланып, сол жылдың күзінде бұрын-соңды болмаған астық алынды. Осы астықтың арқасында өңірдегі ашаршылықтың беті едәуір қайта бастайды және келешекке біршама тұқым қоры құйылды. 1934 жылдың мамыр айында аудан басшылығы Мұқаң атаны «Нұраталды» кеңшарының «Алабұға» бөлімшесіндегі сүт өңдеу шағын өндірісіне басшылық етуге жіберді. 1935 жылы сол өңірде жаңадан ашылған «Комсомол» фермасын басқаруды жүктейді. Ал, 1936 жылы Балқаш кен байыту комбинатының қосалқы «Қызылтау» шаруашылығының «Түлкілі» фермасының жетекшілігіне жоғарылатады. Осында ол 1939 жылға дейін, яғни, қызыл әскер қатарына шақырылғанға дейін қызмет атқарды.
1939 жылдың қазан айында қызыл әскер қатарына шақырылып, әскери борышын өтеу уақыты Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс болғандықтан, еліне 1946 жылдың мамыр айында оралған. Сұрапыл соғыс жылдары Кеңес Одағының Қиыр Шығыс әскери округінде Комсомольск қаласының іргесіндегі арнайы бөлімде шекарадағы әскери барлау бағытындағы жауапты қызметте болған. Сол соғыс жылдарындағы оқиғалардың бірін Мұқаң ата есіне түсіріп, былай дейді: «Екі ай карантин біткеннен кейін барлық жауынгерлер сапқа тұрғызылып, полк командирі Мұхамбетжан Айтжанов деген полковник келді. Ол бірден сапқа қарап тұрып: «Қазақстаннан Қарағанды қаласынан жауынгерлер бар ма?» деп сұрады. Рота командирі: «Бар, ол – Мұқажан Ақажанов» деді. Мен саптан шықтым, полк командирі жаныма келіп, Қарағандының қай жерінен екенімді, әке-шешем, туған-туысқандарымның арасында саяси сотталғандар бар ма деген сұрақтар қойды. Одан кейін ол өзі Теміртаудан екенін айтып, маған құпия бөлімшеге қарасты арнайы бөлімде боласың деді. Осыдан кейін мен бірінші арнайы бөлімде алғашқыда командир орынбасары, кейіннен командир болдым.
1945 жылы біз Амур өзенінің жағалауында шекара күзетінде болдық. Қарамағымда 9 жауынгер және бір орынбасарым болды. Ұзындығы бір шақырымдай траншея қаздық. Басқа әскери бөлімшелер тылдан біздің траншеяға дейін жер астымен байланыс жасады. Тамақ, киім-кешектер осы жер астымен бізге жеткізіліп тұрды. Шекарада талай жапон тыңшыларын кейін қайтарып отырдық. Осы кезде жапон әскерлері жарылғыш заттармен өз-өздерін жарып жібергенін талай көрдік. Оларды бірден шекараға тақалтпай, снайперлермен атып отыр-дық. Күніне кезектесіп 2-3 сағат қана ұйықтаған кездер болды.
Бір күні таңның ататын уақытында дүрбімен кезекті тексеру кезінде Амур өзенінің жағасында қозғалған жанды байқап қалдым. Күзеттегі бес адамның үшеуін алып, үстімізге маскировка киімдерді киіп, өзенге қарай барлауға кеттік. Өзенге жарты шақырым қалған кезде жапон барлаушысы бізді байқамай, бірден қолға түсті. Ол кенеттен ұсталғанынан өз-өзін жаруға үлгермеді. Оны байлап, бөлімшеге әкеліп, офицерлерге тапсырдық. Ұстағанымыз жапон әскерінің барлаушысы болғанын және одан құпия ақпараттар алынғанын рота командирінен естідік. Соғыстың соңына дейін осы шекарада болдық.
Соғыста жеңіске жеткеннен кейін, Мәскеуден офицер келіп, маған Генералиссимус И.Сталинннің қолы қойылған арнайы грамота және 150 000 сом ақшалай сыйлық, орынбасарыма 100 000 сом тапсырды. Ал, қарамағымдағы жауынгерлеріме ресми алғыс айтылды».
Соғыстан кейін 1947 жылдың қаңтар айынан бастап 1949 жылдың қазанына дейін Мұқаң ата аудандық тұтыну одағы (Райпотребсоюз) мекемесінде ревизор болып, азаматтық қызметін қайта жалғастырды. Одан кейін сол мекемеде қойма меңгерушісі, 1950-1956 жылдар аралығында Шет аудандық тұтыну одағы төрағасының орынбасары қызметінде болды. 1956-1960 жылдар аралығында «Орталық аудандық аурухана», ал, 1960-1974 жылдар аралығында «Аудандық коммуналдық шаруашылығы» мекемелерінде шаруашылық меңгерушісі болып қызмет атқарды.
1974-1977 жылдары «Кеншоқы» кеңшарында бас шопан болып жұмыс атқарды. 1977 жылы зейнеткерлікке шыққан. Бірақ, «Орталық аудандық аурухана» мекемесінің басшылығы Мұқаң атаның мол тәжірибесін және жауапкершілігін бағалап, 1977 жылы бұрынғы шаруашылық меңгерушісі қызметіне қайта шақырады. Зейнеткерлікте бола тұра, Мұқаң ата осы қызметті он жыл, яғни, 1987 жылға дейін абыроймен атқарды. Өндірістегі жоғарғы көрсеткіштері үшін Мұқаң ата аудандық, облыстық кәсіподақ ұйымының бірнеше дүркін жеңімпазы атанып, Мақтау грамоталары және бағалы сыйлықтарымен марапатталған. Ұлы Отан соғысындағы Мұқажан Ақажанов атаның көрсеткен ерліктері лайықты бағаланды. «Отан соғысы» орденімен, «Георгий Жуков», «Ұлы Отан соғысындағы жеңісі үшін», «Соғыс ардагері» медальдарымен және Ұлы Жеңіске арналған мерейтой медальдарымен, Украина мемлекетінің арнайы медалімен, «Астана қаласына – 10 жыл» медалімен, көптеген Құрмет грамоталарымен марапатталған. Жүзге келген қарт майдангер шежірелі Шет өңірінде ғибратты өмір кешіп, ауданның дамуына үлес қосқан. Бүгінде екі қызынан төрт немере, үш шөбере сүйіп отыр.
Мерзімді басылым беттерінде:
- Ысқақ, А. Ардагермен кездесу өткізілді [Мәтін] / А. Ысқақ // Шет шұғыласы.- 2013.- 9 мамыр (№19).- 4 б.
- Жұмабеков, Б. Ғасыр жасаған ардагер [Мәтін] / Б. Жұмабеков // Орталық Қазақстан.- 2015.- 11 сәуір (№58-59).- 4 б.
- Жосалбай, С. Әділдікті, батырлықты ту еткен ардагер [Мәтін] / С. Жосалбай // Шет шұғыласы.- 2013.- 9 мамыр (№19).- 5 б.
- Жұмкеұлы, Б. Жүзге келген майдангер [Мәтін] / Б. Жұмкеұлы // Орталық Қазақстан.- 2014.- 16 тамыз (№154-155).- 4 б.
- Дәулетбекұлы, М. Қарт жауынгер – 100 жаста [Мәтін] / М. Дәулетбекұлы // Шет шұғыласы.- 2014.- 21 тамыз (№33).- 1 б.
- Түсіпханова, Б. Мұқажан атамен кездесу [Мәтін] / Б. Түсіпханова // Шет шұғыласы.- 2015.- 9 сәуір (№14).- 5 б.
- Жұмабеков, Б. Соғыста 150 мың сом сыйлық алған [Мәтін] / Б. Жұмабеков // Президент және Халық.- 2015.- 3 сәуір (№14).- 4 б.
Ер есімі - ел есінде
Күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыстың Жеңіспен аяқталғанына 67 жыл өтсе де майдан даласында өмірін қиған, соғысқа аттанған әкелер мен ағалардың ерлік істері өшпек емес. 9 мамыр Отанның абыройы мен бостандығын жоғары қоятын және бейбітшіліктің құнын білетін адамдардың жүрегінде сақталатын мереке. «Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады. «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған «шығыс майдан» деген ұғымға жақын). Ардагерлердің өмір жолдары, майдан даласында бастан кешкен ерлік істері қашанда ұрпаққа үлгі, өнеге. Ұлы Отан соғысындағы кеңес әскерлерінің жанқиярлық ерлігі тарихта алтын әріптермен мәңгі айшықталып қалды. Жеңіс қазақстандықтар үшін де аса қымбат. Барша адамзат үшін оңайшылықпен келмеген әділетсіз соғыстың ауыртпалығын біздің Шет ауданы еңбеккерлері де бастан өткерді. Майданға аттанған ер азаматтар орнын белі бекімеген жасөспірімдер басып, қабырға қайыстырар бейнетті еңбекті атқара жүріп, Жеңіс күнін жақындатты. Ұлы Жеңістің жолындағы ардагерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес.

