Наверх

«Алғыс айту-асыл қасиет» атты әдеби викторина өткізді.

...

26 ақпан күні алғыс айту күніне орай кітапхана қызметкерлерінен құрылған Еріктілер тобы Ы.Алтынсарин мектебіне қарасы мектеп жанындағы интернатының тәрбиеленушілерімен «Алғыс айту-асыл қасиет» атты әдеби викторина өткізді. Алдымен алғыс айту күнімен кітапхана директорының орынбасары Айтболатқызы Толғанай құттықтап, еріктілер жылына орай өткізіліп жатқан #12айда12жақсылық атты марафонмен таныстырды. Тәрбиеленушілер арасында ребус шешу ойыны, кім жылдам? тәріздес түрлі ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар үйлестірілді. Қатысушылар Абай ақынның өлеңдерін жатқа оқып, караокемен ән айтты. Балаларға арнайы сатып алынған тәтті дәмділер мен киім кешектер таратылды. Жақсылық жасауды насихаттау мақсатында челлендж түсіріліп, ауылдық кітапханаларға жолданды. Шара соңында балалар кітапхана қызметкерлеріне ізгі тілектерін білдіріп, көңілді би кешіне ұласты. Жақсылық жасаудан қашан да қалыспайтын ізгі жандардың қатарындағы кітапханашылар да алдағы уақытта көптеген игі істермен қуантатын болады. Жақсылық жасауды ұмытпайық! 

 

 


Количество посещений: 819