Жоғары

Балалар кітапханасы- шығармашылық алаңы

  

Әрбір ата-ана өз балаларының жақсы оқуын, білімді болғанын қалайды. Кітап оқуға деген құмарлығын арттырып, мәдениетті болып өсуіне тәрбие береді, жалпы рухани дүниесін байыта түсуге ат салысады. Балалардың рухани байлығын арттырудың сан түрлі жолдары бар.

Сол жолдардың бірі – шығармашылық тәрбие болып табылады. Бұл бетті  ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз – балалардың кітап оқуға деген құмарлықтарын арттыру мен қатар, әлемдік және ұлттық мәдениетке тарту арқылы баланы дамыту және оның өзін жетілдіруге көмек көрсету. Әрбір баланың ішкі дүниесін дамытып, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу, балалық шақ құндылықтарын насихаттап, салт-дәстүріміз туралы  ақпарат алуын қамтамасыз етуге себепкер болу. Осы мақсатта кітапханамызда «Мұрагерң, «Жас ақындарң клубы жұмыс жасайды. Біздің мақсатымыз -жасөспірім ұрпақты әлеуметтік ортаға бейімдеу, ой өрісін кеңейтіп, шығармашылық дағдыларын жетілдіру, білімге мәдениетке деген құштарлығын арттыру.

Өйткені білімді, білікті, мәдениетті, көзі ашық баланың тәрбиесі – тәуелсіз еліміздің ертеңгі болашағы болары сөзсіз. 

Біздің кітапханамыздағы «Мұрагерң клубы

өз жұмысын одан әрі жалғастыруда

 

 

 

Мұрагерң клубы арқылы оқырмандарымызға, халқымыздың әдеп-ғұрпын, тұрмыс тіршілігін, тілімізді, тарихымызды танытамыз.

Үйірме мүшелері арасындағы қолөнер сайысы. (5-6 сынып оқушылары)

 

Члены клуба во время выполнения задания

 

«Жас ақындарң клубы

 

Клуб мүшелері:

Тезекбаев Н. - 7 сынып оқушысы

 

Сергазы М. – 6 сынып оқушысы 

 

                                                                                                 

                                                                                             


Келулердің саны: 8372