Жоғары

Бұрма ауылдық кітапханасы

 Бұрма ауылдық кітапханасы жаңа үлгідегі кітапхана дәрежесі 2009 жылы Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы А.Карибековтің бұйрығымен бекітілді.  Бұрма ауылдық кітапхана 1975 жылы ашылған. Бірінші кітапханашы Гончарова Лира Николаевна жұмыс істеген. 1977 жылы жаңадан мәдениет ғимараты салынып, совхоз кітапханасы осы ғимараттың 2 қабатынан кітапхана бөлмесі берілді. 1977-82 жылдар аралығында кітапханашы Гришина Наталья Ивановна жұмыс атқарған. 1983-90 жылдары Надтока Лариса Борисовна, 1990-1993 жылдары Бейзболова Меруерт, 1994-96 жылдары Ахметова Раушан Амангелдинова жұмыс істеген. 1996 жылы совхоздардың тарауына байланысты кітапхана, мәдениет ғимараты жабылған.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы бойынша 2003-2005 жылдар аралығындаауылды көркейту жылына байланысты ауылымыздың мәдениет үйін 2005 жылы қайтадан күрделі жөндеуден өткізді. Осы орайда мәдениет үйінің 2 қабатынан кітапхана бөлмесі берілді.

Қызметкерлері:

Алпысбаева Салима Олжабековна 01.08.1967ж. 2005 жылдан бастап кітапханашы

болып жұмыс атқарады.

2006-2008 жж аралығында Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы өнер

колледжінда кітапханашы мамандығын бітірген. Білімі орта арнаулы.

Қазіргі таңда Бұрма ауылдық кітапханасында кітапханашы болып жұмыс істейді.

Еңбек өтілі – 9 жыл.

 

Ғибрат Сәуле білімі жоғары – Қарағанды қазіргі заманғы гуманитарлық-техникалық

институты, информатика бакалавры. 2011-2013 жж. Қарағанды Тәттімбет атындағы

өнер колледжінде кітапханашы мамандығын бітірді.

Бұрма ауылдық кітапханасында кітапханашы болып қызмет атқарады.

Еңбек өтілі – 4 жыл.

Бұрма ауылдық кітапханасы

Бұрма кітапхана түні

  • Бұрма ауылы, Центральная көшесі
  • тел.: 8/71042/35-330
  • e-mail: burma.library@mail.ru

Келулердің саны: 4042