Жоғары

Жаңа үлгідегі аудандық орталық балалар кітапханасы.

    Шет аудандық орталықтандырылған  кітапхана жүйесіне қарасты аудандық орталық балалар кітапханасы 1975 жылы ашылды.

    2008 жылы 11 наурызда Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің №14 бұйрығына сәйкес жаңа үлгідегі кітапхана болып қайта құрылды.

    Кітапхана ғимаратының аумағы 129,5 ш/м тұрғын үйде орналасқан, электр  жүйесі арқылы жылиды. 2011жылы жаңа жиһаздармен жабдықталды.

    Кітапхана меңгерушісі  Ахмет  Шахаризада  Қамиқызы,  мамандығы кітапханашы. 

   Балалар кітапханасының кітап қоры 8013 дана, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер саны 7107 дана. Кітапханаға 19 атаудағы мерзімді басылымдар алады, оның 17 данасы балаларға арналған басылымдар, (14 журнал, 5 газет).

Кітапхананың материалдық-техникалық базасы жаңа үлгідегі кітапханаға сай жабдықталған: интернет жүйесін пайдаланушылар үшін төрт компьютер қойылған, қызметкерлердің жұмыс атқаруына арналған бір компьютер бар, сонымен бірге бір МФУ, бір лазерлік принтер, бір түрлі-түсті принтер, факс-телефон бар. Кітапхана ADSL технологиясы арқылы интернет жүйесіне қосылған.

Кітапханада библиографиялық бөлім арқылы оқырмандарға қызмет көрсетіледі, оқырман сұраныстары интернет арқылы да орындалады, электронды құжаттардың берілімі есепке алынады.

Кітапханада РАБИС бағдарламасы қойылған, осы бағдарлама арқылы  кітаптар және мерзімді басылымдарға материалдарды электронды  каталогқа енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Кітапханада «Мұрагер» атты қазақтың салт – дәстүрлерін насихаттау  барысында әр түрлі іс шаралар ұйымдастыратын қызықтыру клубы жұмыс  атқарады.

«Жас ақындар» деген айдармен оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, поэзияға деген құштарлығын оятып, ақындық өнерге жақын балаларға қолдау көрсету мақсатында құрылған қызықтыру клубы бар.

«Шебердің қолы ортақ» атты қызықтыру клубы жас оқырмандарды қолөнер түрлерін үйренуге баулу және атақты қолөнер шеберлерінің шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.

Кітапхана тұрақты оқырмандардың ата-аналарымен, сынып жетекшілерімен және балабақша тәрбиешілерімен тығыз байланыста жұмыс атқарады, олармен бірге іс-шаралар өткізеді. Мысалы: «Кітап әлемі-ғажап әлем», «Кітаппен дос болайық», «Туған жер – алтын бесігім»  деген тақырыптарда әр түрлі интелектуальдық ойын, сайыс түрінде  шаралар өткізіледі.

Адресіміз: Қарағанды облысы, Шет ауданы, Абай көшесі 5

Телефон: 8-71031-21772

e-mail:     Shet-00@mail.ru


Келулердің саны: 3908