Жоғары

Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

 

 Шет аудандық ОКЖ бойынша 9 жаңа үлгідегі кітапхана бар:

Аудандық орталық кітапхана Ақсу – Аюлы ауылы

Аудандық орталық балалар кітапханасы Ақсу – Аюлы ауылы

Ақадыр көпшілік кітапханасы Ақадыр кенті

Ақжал кенттік кітапханасы Ақжал кенті

Ақшатау ауылдық кітапханасы Ақшатау ауылы

Нұраталды ауылдық кітапханасы Нұраталды (Қошқарбай) ауылы

Талды ауылдық кітапханасы Талды ауылы

Ақой ауылдық кітапханасы Ақой ауылы

Бұрма ауылдық кітапханасы Бұрма ауылы

Жылына үлгілі кітапханалар 9 000 мыңдай оқырманға қызмет көрсетеді. 1026 пайдаланушы электронды ресурстарды қолданады.

Үлгілі кітапханалар бойынша 27 компьютер, оның ішінде 1 ноутбук, 19 принтер, оның ішінде 4 МФУ, 3- копия түсіретін аппарат, 2 факс, проектор, телевизорлар, цифрлық камера, фотоаппараттар бар.

Барлық кітапхана телефонданған: ОАК Ақсу – Аюлы ауылы 8- 71031- 21904, 8- 71031- 22355; АБК 8 – 71031 – 21772; Ақадыр көпшілік кітапханасы Ақадыр кенті 8 – 71033 – 27332; Ақшатау 8 – 71033-24571 Ақжал 8 – 71031 – 37250; Нұраталды 8- 71031 – 50796; Ақой 8 – 71042 -34564; Бұрма 8 – 71042 – 35330; Талды 8 – 71033 – 50659;

Үлгілі аудандық орталық кітапхана локалдық жүйеге қосылған.

Барлық кітапханаларда РАБИС бағдарламасы бар, екі АРМ арқылы кітапханалар «Каталогизатор», «Поиск и заказ».Электронды каталогтар «Книги», «Периодика», «СД», өлкемізге байланысты құжаттарды сканерлеу және цифрлау  АОК жүргізіледі. АОБ, Ақадыр, Нұраталды (Қошқарбай), Ақой, Бұрма, Ақжал, Ақшатау, Талды кітапханаларында мерзімді басылымдардағы мақалаларды ЭК енгізеді. Кітапханашылар пайдаланушыларға  компьютерлік сауаттылықтарын арттыру мақсатында сабақтар жүргізеді. Бұл жұмысқа ауыл тұрғындары, жасөспірімдер, балалар тартылады. Кітапханаларда бар электронды баспалар 62 дана, оның ішінде: А. Құнанбаев, М.Әуезов «Абай жолы», Ғ. Мұсірепов «Ұлпан», Б. Майлин «Шұғаның белгісі», Кекілбаев «Күйші», «Жорық жырлары».

Кітапханалар жоба және бағдарламалармен жұмыс істейді, әр саладағы қызметкерлермен бірігіп жұмыс жасайды:

Жоба «Кітапхана және инновациялық технология» АОК

Бағдарлама «Мәдени мұра-халық қазынасы» АОК

Жоба «Салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ тәрбиелеуде балалар кітапханасының рөлі» АБК

Жоба «Туған жердің тұғырлы тұлғалары» Ақадыр кенттік кітапханасы

Бағдарлама «Мәдени мұра-мәңгілік мирас» Ақадыр кенттік кітапханасы

Жоба «Шекарасыз достық», «Ауыл кітапханасының әлеуетін арттыру» Бұрма ауылдық кітапханасы

Жоба «Мәдени мұра-қазіргі Қазақстанның мәдениетінің сарқылмас қазынасы» Нұраталды (Қошқарбай) ауылдық кітапханасы

Жоба «Өлкеміздің ақындары» Талды ауылдық кітапханасы

Жоба  «Жанұямызбен оқимыз» Ақшатау ауылдық кітапханасы

Жоба «Өзіңді тану арқылы әлемді танисың» Ақжал кенттік кітапханасы

Жоба «Назарда өлкетанушылық» Ақой ауылдық кітапханасы

Ауыл тұрғындарына қызығушылықтарына байланысты клубтармен үйірмелер жұмыс істейді:

Жастар клубы «Жас қыран», әйелдер клубы «Береке» АОК;

«Мұрагер», «Жас ақындар» оқушылар, жасөспірімдер клубтары АБК;

«Болашақ» балалар клубы Бұрма ауылы;

«Жас қалам», «Сарбаздар» клубы Нұраталды ауылы;

«Шебер қолдар», «Хочу все знать» үйірмелері Ақжал кенті;

«Шебердің қолы ортақ» Ақой ауылы;

Аудандық орталық, Ақжал кенттік, Ақшатау, Ақой, Нұраталды, Бұрма, Талды ауылдық кітапханалары мәдениет үйінде орналасқан, Ақадыр кенттік кітапханасы 2 қабатты бөлек ғимаратта ораналасқан, Аудандық балалар кітапханасы 2 қабатты тұрғын үйдің 1 қабатында орналасқан.

Кітапханалар заманауи  жиһаздармен және материалдық - техникалық базасымен жабдықталған.


Келулердің саны: 9859