Жоғары

«Коворкинг» орталығының ашылу салтанатына байланысты мерекелік кеш ұйымдастырылып өткізілді.

Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде КММ кітапхана оқырмандарына арналған «Коворкинг» орталығының ашылу салтанатына байланысты мерекелік кеш ұйымдастырылып өткізілді. Мерекелік шараның өтілу барысын аудандық орталық кітапхананың «Жасөспірімдермен жұмыс жөніндегі әдіскері Жолдыбекова Дина Жеңісқызы жүргізіп отырды. Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық және де Шет ауданымыздың 90 жылдық мерейтойы құрметіне орай кітапхана ішінен ашылған «Коворкинг» орталығының басты мақсат міндеті қалың бұқара қауымды қазыналы кітап оқуға шақырумен қатар қызығушылығын оята отыра оқырмандардың тыныштықта топтық,жұптық жұмыс істеуіне жағдай жасау. Коворкинг орталығының ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Әбілдин Азамат Азатұлы құттықтау сөз алып, барша қауымды келе жатқан ұлтымыздың мерейлі мерекесімен құттықтап, ашылғалы отырған орталық жұмысына сәттілік тіледі. Және де кітапхана директоры Нұрпейісова Мейрамкүл Сансызбайқызы, «Нұр Отан» партиясының «Нұр Отан» аудандық филиалының басшысы Ілиясов Бейсентай Ілиясұлы, мәдениет майталманы Ахметова Гүлшара Қамиқызы, аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының кординаторы Қасымова Гайнель Мейрамқызы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Махмудова Гүлзада Амангелдіқызы т.б. кеш қонақторы құттықтау сөз сөйлеп , осындай халыққа пайдалы орталықтың ашылуы бүгінгі жахандану дәуіріндегі заман талабы екендігін тілге тиек етіп , көпшілік оқырманды «Коворкинг» орталығына келіп тұруға шақырды. Коворкинг орталығының ашылу рәсімінде лента қию құрметіне аудан әкімінің орынбасары Әбілдин Азамат Азатұлы мен бас қаламыз Астананың құрдасы, кітапхана оқырманы Амантаев Әнуар ие болды. Ашылу салтанатына арналған кеш Астананың құрдастары мен қонақтардың атсалысумен Астана күніне арналған мерекелік шараға ұласты. «Астана – Отанымыздың жүрегі» тақырыбындағы   шара барысында «Астана қаласына саяхат» , «Дыбыстар сөйлейді» «Ойлы болсаң озып көр» атты әр түрлі викториналық ойындар өткізіліп белсене қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. «Астана – арман қала» , «Астана алтын тұғыр» атты кітап көрмелерімен кітапханашы Исатаева Айгүл Ермекқызы таныстырды. Астана туралы мәліметтер оқылып барша қатысушыларға жаднама таратылды. «Коворкинг» орталығының ашылу салтанатына арналған кешке арнайы шақырылған қонақтар ойлы ойындар ойнап,құнды ақпараттар тыңдап,кәусар жырларға қанығып мерекелік кешті ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, риза көңілмен тарасты.


Келулердің саны: 393