Жоғары

Төменгі Қайрақты ауылдық кітапханасы

    Төменгі Қайрақты ауылдық округінің тұрғындар саны статистикалық есептер бойынша 1015 адамды құрайды. Ал осы халықтың білімін, сауаттылығын арттыру, мәдениеттілігін қалыптастыру мақсатында Қайрақты ауылында кітапхана жұмыс істеуде. Ауылдық кітапхана Ахметұлы Сухибек 1/1 көшесі, Әкімшілік ғимаратында орналасқан.

    1958 жылдан бастап Мәдениет үйінің ғимаратында. Көлемі -59 ш/м. 

    2009 жылы ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сол кезеңдерде кітапханашы болып Мукашева Бақыткүл қызмет етті. 2011 жылы Ағадыр кентіндегі  С.Сейфулин атындағы балалар кітапханасына ауысып, орнына Жексембекова Ақерке келді. 2013 жылы Ақерке өз еркімен жұмыстан босатылып, кітапханашы болып Ибрайбекова Әйгерім орналасты. Осы жылдың 1-ші шілдесінен бастап Кенжешова Назерке жас маман ретінде Жоғарғы Қайрақты жылжымалы кітапханасына кітапханашы болып орналасып,Төменгі Қайрақты ауылдық кітапханасында қызмет атқаруда. Ж.Қайрақты ауылдық кітапханасының кітап қоры осы кітапханаға көшірілді. 2013 жылдың қыркүйек айының 18-жұлдызынан бастап Ибрайбекова Айгерім декреттік демалысқа шығып, Т. Қайрақты ауылдық кітапханасына Кенжешова Назерке ауыстырылып, оның орнына Аринова Гүлнұр Ж.Қайрақты жылжымалы кітапханасына, кітапханашы болып келді.

2016 жылдан бастап Ибрайбекова Айгерім кітапханашы қызметін атқаруда.

 

Оқырмандар саны - 600  .

Кітап берілімі - 12000

Келім саны-7200

Кітап қоры  3493 дана кітап бар,

Халық саны-1015


Келулердің саны: 1803