Жоғары

Красная поляна

    Красная поляна ауылдық кітапханасы 1976 жылы Красная поляна совхозында ашылған. 1976-1992 жылдары кітапхана қорында 3200 дана кітап әр-түрлі, газет-журналдар болған. Ауыл тұрғындары 60% орыс тілді болғандықтан кітаптар орыс тілінде болған. Кітапханада 1976-ші жылдан 1984-ші жылға дейін кітапханашы болып Пантюшева Г.И қызмет атқарған. 1984-ші жылдан 1992-ші жылға дейін кітапханашы болып Старостина В.С қызмет атқарған. 1992-ші жылы Красная  поляна ауылдық кітапханасы жабылып қалады.

    2007 жылы қараша айында Красная  поляна ауылдық кітапханасы қайтадан ашылады. 2007 жылы кітап қоры 2964 дана болды. 2007 жылдың қараша айынан бастап 2009 жылдың қыркүйек айына дейін кітапхана Дворук көшесіндегі №4 үйінде орналасқан. Көлемі 75 ш/м құрайды.  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы бойынша 2003-2005 жылдар аралығында ауылды көркейту жылына байланысты ауылымыздың мәдениет үйін 2007 жылы қараша айында қайтадан күрделі жөндеуден өткізіп, 2009 жылдан бастап Красная поляна ауылдық кітапханасы Мәдениет үйінде орналасқан. Көлемі 47 ш/м. құрайды.

    Кітапхана іші жаңа жиһаздармен толықтырылып, жаңа заман талабына сай ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілген.

    Кітапханада кітап қоры  4856 дана кітапты құраса,  оның ішінде қазақшасы 2571 дана. Кітапханада  кітапханашы болып  қазіргі уақытта Н.Сейльбекова  жұмыс атқаруда. Күзетші, еден жуушы қызмет атқаруда.


Келулердің саны: 1610