Жоғары

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

 

 

                                                 

 

   

 

Кітапхананың кітап қоры анықтамалық құралдардан, энциклопедиялардан, сөздіктерден, ең құнды,  сирек кездесетін басылымдарының жиынтығынан құралған бөлім. 16-24 жасқа дейін жасөспірімдер және әр түрлі салада жұмыс істейтін қызметкерлер, зейнеткерлер, жұмыссыздар, жұмыскерлер, студенттер оқу залынан ақысыз қызмет алуға құқылы, баспа және басқа да басылымдарды оқу залында пайдалануға беріледі, басылымдарға шек қойылмайды, тек қана  құнды және сирек кездесетін басылымдар кітапханадан тыс пайдалануға берілмейді.

 

І. Оқырмандардың құқығы 

  • Көпшілік  кітапханасын  пайдаланушылар ретінде:16  жастан  24 жасқа  дейінгі  жасөспірімдер, зейнеткерлер, қызметкерлер, жұмыссыздар, жұмыскерлер;
  • Кітапхананы пайдаланушылар ақысыз  мынандай қызметтерге  ие  болады;
  • Кітапхана қорынан нақтылы ақпарат алуға;
  • Кітапхананың оқырмандарға  қызмет көрсету бөлімі қорынан бюджет  есебіне  алынған  баспа басылымдары мен құжаттарын алуға;
  • Ақпарат көздерін  алу барысында  кітапханашының  кеңесін алуға;

 

Оқырмандар   құқылы:

  • Кітапхананың барлық мерекелік кештеріне қатысуға;
  • Кітапханада ұйымдастырылған  клуб, үйірмеге  жазылуға;

 

 

Кітапханаға  мына бөлімдерде  жазылуға  болады: «АБОНЕМЕНТ», «ОҚУ ЗАЛЫ»

 

Кітапханаға жазылу барысында: 

  • «Кітапхананың пайдалану ережесімен» танысу;
  • Оқу залына жазылу барысында жеке куәлік немесе басқа да құжаттар көрсетуге  міндетті;
  • Кітапхана оқырманы «Оқырман формулярына» қол қою арқылы алған кітабына жауапкершілігін  белгілейді;
  • Оқырман формуляры – оқырманның кітапханадан үйге алынғандығын және қайтарғандығын анықтайтын құжат;
  • Оқырманның тұрғылықты жері, тегі және басқа өзгерістер болған жағдайда оқырман кітапхана қызметкеріне хабарлама  жасауы тиіс;

 

Оқырманның міндеттері: 

  • Кітапхана  оқырмандары  кітапхана қызметкерлерімен сыпайы және әдепті болуы тиіс;
  • Кітапхана ережесін қатаң  сақтауы тиіс;
  • Кітап беру барысында кітаптың немесе баспа басылымының жыртылған, оқуға жарамсыз екендігі байқалған жағдайда;
  • Кітапты ұқыпты ұстау,кітапханадан алған кітап немесе басқа да басылымдарды полиэтиленді  пакеттерге салып жүру, бекітілген   мерзімде қайтару,
  • Кітапханашының рұқсатынсыз оқу залынан кітап алмау, кітапқа, газет – журналдарға белгі қоймау, беттерін жыртпау және қимау, т.б;
  • Кітап қорының орналасу  ретін  бұзбау, каталог пен картотекадан карточкаларды шығармау;
  • Тыныштық  сақтау, кітапхана мүлкіне ұқыпты қарау;

 

 

ІІІ. Оқу залын пайдалану                                                                                                                                       ЕРЕЖЕСІ 

  • Оқу залы – оқырмандарға  кітаптар мен құжаттарды  кітапханада  пайдалануға беретін  кітапхана бөлімшесі;
  • 16 – 24 жасқа дейін жасөспірімдер  және әр түрлі салада жұмыс істейтін қызметкерлері оқу залынан ақысыз қызмет алуға құқылы;
  • Оқу залы және басқа да басылымдарды кітапхананың  оқу залында пайдалануға береді;
  • Оқу залында пайдалануға берілетін басылымдарға шек қойылмайды;
  • Құнды және  сирек  кездесетін  басылымдар кітапханадан тыс пайдалануға берілмейді;
  • Оқырман оқу залынан  басылымдарды  алған  жағдайда міндеттьі  түрде  әр  басылым  үшін  қол қояды;
  • Оқу залында оқырмандарға кітап  беру  кітапхана  жабылуына 15 – минут қалғанда аяқталады;

Кітапханадан  шығарда оқырмандар оқу залынан алған барлық басылымдарын  кітапханашыға қайтаруға тиіс;

 

Қызметкерлері:

 


Келулердің саны: 6106