Жоғары

Ортау ауылдық кітапханасы

    Карлаг таратылып, 1953 жылы Ортау кеңшары құрылған кезде алғашқы кітапхана  меңгерушісі болып М.И. Муфазалова еңбек етті. 1970 жылы мәдениет үйі ауылдың орталығына көшірілді. Сол жылдары кітапханада 13804 дана кітап қоры болып, 3 кітапханашы халыққа қызмет етті. Олар  Фаст, Сарбаева, Нұртазина.

    1982 жылы заман талабына сай жаңа мәдениет үйі салынып, 1982-1990 жж. аралығында С.Тамина кітапханашы болды.1990-1992 жж. Ә.Жақыпова, 1992-1994 жж. К.Оразалина кітапханашы болып жұмыс істеді.1993 жылы Ортау кеңшары тарап, ғимараттың жылуы мен жарығына  бюджеттен қаржы қаралмағандықтан мәдениет үйі өз жұмысын тоқтатты. 1994 жылы кітапхана жабылып, кітаптары Ақадыр кітапханасына тапсырылды.  2008 жылы маусым айында халықтың сұранысы бойынша  кітапхана қайта ашылды. 2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кітапханада кітапханашы болып Тайжанова Бекзат жұмыс істейді. Кітапханада 2899 кітап қоры бар, 400 оқырмандарға қызмет көрсетеді.

    Әр мерекелерде іс-шаралар өткізіліп, кітап көрмелері ұйымдастырылады.Ай сайын аудан орталығына барып, семинарларға қатысып, жұмыс бабында тәжірбиелер алмасып отырамын.  

Өмірбаян

   Тайжанова Бекзат Байдуллақызы 1971 жылы 7 мамырда дүниеге келген. Білімі : арнаулы орта. 1990 жылы Сәтпаев қаласындағы мәдени-ағарту училищесінің «кітапхана ісі»мамандығын тамандаған. Еңбек жолын 1990 жылы Жаңаарқа ауданында мектепте кітапханашы болып бастаған. Отбасы жағдайымен  2004 жылы Ортау ауылына көшіп келіп, 2005 жылдан бастап пошта меңгерушісі болып жұмыс істеді. Халық сұранысы бойынша 2008 жылы Ортау ауылында кітапхана ашылып,сол жылдардан бері  Ортау ауылдық кітапханасында  жұмыс істейді.Бірінші санатты кітапханашы. Іздемпаз, жаңашыл,еңбек сүйгіш.Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Әйелдер комитетінің мүшесі, жолдасы Төлеген Шахманов екеуі үш бала тәрбиелеп өсіріп отыр.  Елбасымыздың көреген саясатын халыққа насихаттап, ауылымыздың көркейуіне өз үлесін қосуда. Ортау ауылының 60 жылдығында, жерлесіміз, даңқты жазушы С.Сейфуллиннің торқалы 120 жылдық тойында ауыл белсен-ділерімен бірігіп, тойдың өз мәнінде өтуіне белсене ат салысты.Ауыл демографиясын дамыту үшін жас отбасылармен   әйелдер кеңесімен бірігіп жұмыс атқарады.  Тұрмысы нашар, көпбалалы отбасылармен көптеген жұмыстар жүргізеді.

    Қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін ауыл әкімі Д.К.Карсембаевтің «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына» орай «Құрмет грамотаға» ие болып, 2012 жылы аудандық кітапхана директоры Г.Ещанованың  «Алғыс хатымен»,1 маусым балалар күніне орай Ортау орта мектебінің «Мадақтамасымен» марапатталған. 2016 жылы 8-наурызда аудан әкімі Р.Әбдікеровтің « Алғыс хатымен»  марапатталды. 

    Халық саны – 380 адам.

   Оқырмандар саны - 400

   Кітап қоры – 2899 

                                            

 

                                          

 

 

                                           

 

                                                                 

 

С.Сейфуллиннің 120 жылдық торқалы тойында.

 

 

                                                

 

                                                                     

 

 

                                                                                                                                                                                                                         

 


Келулердің саны: 3863