Жоғары

Аққыз

 

 Аққыз ( шын аты Мүгілсін Ахметқызы 1897-1987) Балқаш қаласына жақын Қоңырат өңірінің Есалы деген жерінде туған,күйші, әнші. Тәттімбеттің күйшілік дәстүрін жалғастырған. Жастайынан күйшілік өнерімен қатар, әншілікті де меңгерген.Қ.Байжанов, М.Ержанов сынды өнер саңлақтарының жанына еріп, ән салып Ә.Хасеновтен күйшілік шеберлігін шыңдаған. Тәттімбеттің «Қосбасар» , «Саржайлау», «Сылқылдақ», «Көкейтесті», «Бестөре» күйлерін шебер орындаған.Өз жанынан да бірнеше күй шығарған.  «Қайран елім», «Аққыз», «Жетім қыз», «Қосбасар»сияқты күйлері өзіндік нақышы бар шығармалар. Шеттік белгілі күйші Әпике Әбенқызының ұстазы. 

 Аққыз  ( Мүгілсін)  Ахметқызы (1900-1987 жж)//Тоғжанов Е.Л. Атамекен : оқуқұрал / Тоғжан Е.Л.,  Аршабеков Т.Т.- Қарағанды:Қарағанды экономикалық ун-ті, 2002.-218 б. Аққыз //  Бекенов У. Күй табиғаты.- Алматы: Өнер, 1980. -44б.Аққыз Ахметқызы /// Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия /. Мұрасын К.Жүністегі таспаға түсірген.  

Пайдаланылған әдебиеттер: 

Шет   ауданы [Мәтін]:\энциклопедия.- Алматы:ҚаЗақпарат,2013.-64б.

Ол туралы 

Шет   ауданы [Мәтін]:\энциклопедия.- Алматы:ҚаЗақпарат,2013.-64б.

Мирас А. Арқаның Аққызы [Мәтін] А. Мирас // Орталық Қазақстан.-2014.-20 тамыз (№51).-6б.

Жүзбай Ж. Арқалы Аққыз [Мәтін] Ж. Жүзбай // Егемен Қазақстан.-2016.-23 шілде (№140).-5б.

 

 


Келулердің саны: 4818