Жоғары

Әбди күйші

Әбди күйші  Рысбекұлы (1868 - 1931) Шет  ауд.- на қарасты  Аюлы  елді  мекенінде туған.Тоқырауын  күйшілік  мектебінің  көрнекті  өкілі. Қыздарбек  күйшінің  шәкірті, Әбікен  күйшінің  ұстазы.Әрідегі  Итаяқ, Тәттімбет, Тоқа  күйлерін ,өз  замандастарынан  Қыздарбек, Ақмолда, Сембек, Мақаш, Ахметжан, Кәрібек  күйлерін  нәқышына  келтіріп  тартатын  шебер  домбырашы  болған. Өз  жанынан  көптеген  сазды  күйлер шығарған. Бүгінгі күнге  оның  «Қарғыс», «Зарқосбасар»  атты екі  күйі  жеткен. Ескілікті, социализмге  жат  өнерді  насихаттағаны  үшін  деген  айыппен  атылады  (1931). Күйшінің  «Зарқосбасарын»Әбікен  Хасенұлы  1957 ж.өлерінен бір  жыл  бұрын  ғана Қазақ  радиосына  жаздырып, замана  талқысынан  өтіп, бүгінгі  күнге  жеткен.атылған соң оның артында қалған ет жақын туыстарыда қуғын көрген. Әлімжан есімді баласы жан  сауғалап, қырғыз жеріне өтіп кеткен.

 

Әдеб:Әбди (ХІХ-ХХ)  //Қазақ күйлнрінің тарихы:оқулық/ Т.Мерғалиев, С.Бүркіт, О.Дүйсен.-Алматы:2000.-371 б.Рысбекұлы Әбди// Сейдінбек А. Қазақтың күй өнері Астана: Күлтегін, 2002.-790 б.


Келулердің саны: 4172