Жоғары

Саябек Айнатайұлы (1941-2000)

...

 

    Саябек Айнатайұлы  1941 жылы желтоқсан айының 21 жұлдызында дүниеге келген.   Саябек Айнатайұлы Шет ауданының тумасы. Жастайынан ақындық атағы шығады. Кейін мәдениет саласында тер төгеді. Шет аудандық «Ильич туы», Ақадыр аудандық «Ақадыр таңы» газеттерінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» газетінің Шет, Ақадыр аудандары бойынша меншікті тілші қызметтерін атқарады. Партия, кеңес қызметтерінде болған. «Білім» қоғамының жауапты хатшысы бола жүріп, аудан жастарының ғылым, білімге деген ынта ықыласының артуына игілікті әсерін тигізді.

   1977-1981 жылдары аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1981-1983 жылдары аудандық мәдениет үйінің директоры, 1983-85 жылдары аудандық «Илиьч туы» газетінің бөлім меңгерушісі, 1985-1997 жылдары «Ақадыр таңы» және «Агадырьская новь» газетінің қызметкері, аудандық мәдениет Үйінің әдіскері қызметтерін атқарды.

  1997 жылдан өмірінің соңына дейін аудан әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

  Ол 2000 жылғы 13 қыркүйекте 59 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

   Саябек Айнатайұлы қайда жұмыс істесе де өзін Отаны мен халқының шынайы патриоты ретінде көрсетіп, адал, қарапайым жан ретінде таныта білді.

   Үлгілі әке, ұлағатты ұстаз, адал жар, сенімді дос, қимас туыс, абзал азамат Айнатай ұлы Саябектің жарқын бейнесі өзімен сырлас та сыйлас болған жандардың жүрегінде әркез сақталады.

   Ақындар айтысына қатысқан.

  

Пайдаланған әдебиеттер:

 С.Айнатаев, Қазақстан магнитикасы [Мәтін] / Айнатаев,С//Заман.-2007.-30 қараша (№48).- 4 б.

С.Айнатаев, Қайырымдылық акциялары [Мәтін] / Айнатаев.С

Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-60 б.

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-333 б.

 

 

Ол туралы:

Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-60 б.

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-333 б.

Өр тұлғалы азамат еді [Мәтін] / Шет шұғыласы. - 2011. - 22 желтоқсан (№51).-6 б.

 

Айнатаев, С. Жалындап өткен жан [Мәтін]: / Шығармалар. – Алматы, «Асем-систем» баспасы. 2007. – 96 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Келулердің саны: 3741