Жоғары

Тұрсынбеков Серік (1919 ж.т.)

Тұрсынбеков Серік (1919 ж.т.)

         Екінші жаһан соғысына қатысушы. Шет ауданының Құрметті азаматы. Отызыншы жылдардағы ашаршылықта Балқаш, Атбасар, Спасск балалар үйінде тәрбиеленеді. 1935 жылы елге оралып, орта білім алуға  мүмкіндік алады. 1941 жылы майданға алынып, Курск иініндегі ұрысқа Сталинградты қорғауға қатысады. Екі рет жарақат алып, қатарға қайтып қосылады. Бейбіт күнде ауылшаруашылық саласында еңбек етіп, жеке құрылымдарға басшылық жасайды. Екі орден, 17 медальмен марапатталған.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 359 б.

Ол туралы:

Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 359 б.

Мерзімді басылым беттерінен:

Мұқаш, Ж. Ерлігі мен еңбегі егіз еді [Мәтін] / Ж. Мұқаш // Шет шұғыласы.- 2012.- 3 мамыр (№18).-5 б.

 


Келулердің саны: 3650