Жоғары

Дүйсенбеков Кәмәли

 

         Дүйсенбеков Кәмәли партия қызметкері, Екінші жаһан соғысына қатысушы. Қарағанды қаласының, Шет ауданының Құрметті азаматы. Қазақстан КП ОК жанындағы партия мектебін бітірген. Соғыстан кейін ҚК Ворошилов аудандық комитетінің насихатшысы, бөлім меңгерушісі, Жаңаарқа аупартком хатшысы, ауатком төрағасы болады. 1965-1980 жылдары Шет аупарткомының бірінші хатшысы, 1980-1985 жылдары Жезқазған облысының полиграфия және баспа басқармасын басқарды. 1985 жылдан зейнеткер. «Даңқ» орденінің ІІ дәрежелісімен, І-ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, жауынгерлік медальдармен марапатталған. Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту, Құрмет Белгісі ордендерімен марапатталған.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 87 б.

Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 154 б.

Ол туралы:

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 87 б.

Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 154 б.

 

Мерзімді басылым беттерінен:

Жанысбай, С. Қайыспаған қарт жауынгер [Мәтін] / С. Жанысбай //Орталық Қазақстан.- 2011.- 7 мамыр (№71-72).-4 б. 

 


Келулердің саны: 3694