Жоғары

Төрехан Майбас

...

                                          

              Майбас Төрехан 1954 жылы туылған. Журналист, өлке тарихын зерттеуші. Шет ауданының түлегі.   Қ,Сәтпаев атындағы ҚазПТИ-дің автоматты есептегіш техникалар факультетінде оқыған. Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің түлегі, оқытушы-филолог. Журналист-жазушы, этнограф. Ақадыр аудандық «Ақадыр таңы — Агадырская новь» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, редакторының орынбасары, редакторы болған. 1998 жылдан облыстық «Орталық Қазақстан» газегінің бөлім меңгерушісі. ҚР Мөдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері (2004). Көптеген этно-танымдық мақалалардың, «Кенді өлке» (1990, орыс тілінде), «Керней шежіресі» (2002, 2005) кітаптарының авторы.

    ҚР Мәдениет қайраткері /2004/, М.Қабанбай атындағы сыйлықтың лауреаты /2004/. Хикметтің, Уитменнің, Фростың өлеңдерін қазақшаға тәржімалаған. Ел, жер тарихына қатысты көптеген тарихи және танымдық мақалалардың авторы. Мақалалары шетелдерде жарияланған. Саяси көзқарасы үшін 70-ші жылдардың басында комсомол қатарынан аластатылып, қуғын көреді. Қарағанды қаласында белгілі меценат Болат Дүйсенбаевпен «Жас қазақ» ұйымын құруға талпыныс жасайды. «Азат» партиясының құрамын нығайтуға атсалысады.

    Бірінші сайланған Жезқазған және Қарағанды облысының Мәслихаттарының депутаты. Ақшатау комбинаты Оңтүстік-Шығыс кенішінде жер асты слесары, тіреуші болып еңбек еткен. 1980 жылдан бері баспасөз саласында еңбек етіп келеді. «Кенді өлке» /орыс тілінде/, «Керней шежіресі», «Елқұжат», «Абадан», «Айбар», «Жауһар», «Тағылым», «Шікіл», т.б. кітаптардың авторы. Шет өңірінен шыққан Дияқажы, Сәбит Адамияұлы сынды т,б, ақындардың шығармаларын жинақтап, «Көкбөрі Жарылғап батыр», «Сеңкібай батыр», «Бодық батыр», «Жалаңтөс /Соқыр/ батыр», «Бәйсейіт би» кітаптарын құрастырып шығарған. Қазір «ҚазАқпарат» баспасының директоры.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-117 б.

Шет ауданы [Мәтін] / Энциклопедия – Алматы : ҚАЗақпарат, 2013. –253-254 б.

 

Ол туралы:

Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-117 б.

Шет ауданы : Энциклопедия – Алматы : ҚАЗақпарат, 2013. –253-254 б.

 

Мерзімді басылым беттерінде:

 

Майбас, Т. Жүрегі – майдан алаңы [Мәтін] / Т.Майбас // Орталық Қазақстан.- 2013.- 3 ақпан (№168).-6 б.

 

Майбас, Т. Шешендік өнер - [Мәтін] / Т. Майбас // Орталық Қазақстан.- 2013.- 7 қараша (№192-193).-8 б.

 

Тойбек, Ж. Шабысыңнан жаңылма [Мәтін] / Ж. Тойбек // Орталық Қазақстан.- 2014.- 7 қаңтар (№1-2).-6 б.

 

Жүнісұлы, О. Ыстық пенен суықтың өліарасы [Мәтін] / О.Жүнісұлы // Орталық Қазақстан.- 2014.- 7 қаңтар (№1-2).-6 б.

 

Әлиман, Ж. Қаламгерге құрмет көрсетілді [Мәтін] / Ж.Әлиман // Орталық Қазақстан.- 2014.- 9 қаңтар (№3).-1 б.

 

Майбас, Т. Тізгіқол [Мәтін] / Т. Майбас // Орталық Қазақстан.- 2014.- 7 қаңтар (№1-2).-6 б.

Майбас, Т. Қызық кітап  [Мәтін] / Т. Майбас // Қарағанды қаласы.

Майбас, Т. Шетер [Мәтін] / Т. Майбас // Заман.-2007.-12 сәуір (№15).-5 б. Қарағанды қаласы.

Төрехан туралы бір ауыз сөз [Мәтін] /Заман.-1999.-7 қазан(№38).-2 б.

Майбас, Т.


Келулердің саны: 4438