Жоғары

«Мен кітапханаларды білім, адамгершілік, парасат ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары деп санаймын». Әбіш Кекілбаев

...

Құрметті сайт қонақтары!   

Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің сайтына қош келдіңіздер!

 “Халқың қандай?”- десең, салтыңнан сынап біл.

“Өзің қандай?” – десең, халқыңнан сұрап біл  -дегендей кітапхананың адамды тәрбиелеуде орны ерекше.

“Қыран – түлегіне қайыспас қайрат сыйлайды, ұстаз - шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды”- деп парасатты бағдарламасын алға тартса, кітапханашы оқырманына “Тәтті жеміс бұтақта,құттың құты кітапта” – деген нақыл сөзді алға тартады. Аталарымыздың асыл дәстүр-салтын, бабалар парасатын осы кітап арқылы сусындатудамыз. Өткен замандарда жасаған ақылмандардың бізге қалдырған ой-парасат мирасы мол.

Бүгінгі ұрпақ бұрынғылардың ақыл-кеңесіне құлақ салса адаспай, абыржымай, жаңылмай, жаза баспай арман-тілегіне жетеді. Осы даналардың өсиетін насихаттау кітапхана саласына қатысты.

Тәрбие - өмірдің өзекті мәселесі. “Ата-ананың ақылы – сайрап жатқан жолмен тең, зерделінің ақылы – сайрап жатқан жолмен тең” – деген нақылды кітапхана қызметкерлері берік ұстанып, өз оқырмандарына дұрыс бағыт, саналы тәрбие ретінде ұсынады. Әр оқырманның ой-санасына, талғамына ерекше көңіл бөле отырып, бүгінгі бөбектен бастап еңкейген қарттарға дейін еңбек етесің. Кітапханамызға келген  әр оқырман өз қылығымен, сүйкімділігімен, парасаттылығымен, еңбекқорлығымен ерекшеленеді.

Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты кітапханалар Сіздерді кітапхана оқырманы болуға шақырады.

Кітапхананың жұмыс тәртібі:

Дүйсенбі — жұма күндері, сағ.:  9:00 – 18:30.

Үзіліс уақыты:  13:00 – 14:30 

Демалыс: Сенбі, Жексенбі

Әр айдың соңғы күні  —  тазалық күні

 Электрондық поштамыз:  shet.library@mail.ru
Тел.: 
21-0-93, факс:  +7(710-31)21-9-04
Келіңіздер, күтеміз!

Кітапханаға жазылу үшін жасы 16 толған кез-келген азамат(ша) бола алады (өзімен бірге куәлігі болуы тиіс). 

Кітапхананы пайдалану ережесі

Кітапханада Абонемент және Оқу залына жазылуға болады. Кітапханаға жазылу барысында: Кітапхананың пайдалану ережесімен танысу, оқу залына жазылу барысында жеке куәлік немесе басқа да құжаттар көрсету міндетті. Кітапхана оқырманы оқырман формулярына қол қою арқылы алған кітабына жауапкершілігін белгілейді. Оқырман формуляры -оқырманның кітапханадан үйге алғандығын және қайтарғандығын анықтайтын құжат. Оқырманның тұрғылықты жері, тегі және басқа өзгерістер болған жағдайда оқырман кітапахана қызметкеріне хабарлама жасауы тиіс.

Сіздерді бізде өтетін іс-шараларға шақырамыз: кітап көрмесі, әдеби кеш, презентация т.б.


Келулердің саны: 709813

Соңғы мақала

Құрметті оқырмандар,назарларыңызға кітапхана қорына келіп түскен жаңа әдебиеттерге бейне шолуды ұсынамыз.

13.11.2020

...

Толық

"Қазақ тарихының хандары"

11.11.2020

... Оқырмандар назарына қазақтың хандары жайлы бейнеақпаратты ұсынамыз.

Толық

"Қазақ композиторлары" тақырыбында әдеби энциклопедия

10.11.2020

...

Толық

"Жаңа әдебиеттер оқырмандар қауымына"

09.11.2020

... Құрметті оқырмандар, назарларыңызға "Жаңа әдебиеттер оқырмандар қауымына" атты жаңа әдебиеттердің ақпараттық тізімдерін ұсынамыз.#Жаңаәдебиеттеркітапханаоқырман

Толық

"Философия тарихы" кітаптар панорамасы

06.11.2020

...            

Толық

"Әкім Тарази әлемі". Әдеби кітаптарына экскурсия.

06.11.2020

...

Толық

"Жырау мұрасы-дәуір айнасы"

05.11.2020

...

Толық

"Сөз маржан"

04.11.2020

... Құрметті оқырмандар кітапханамыздың қорында бар сөздіктермен таныс болыңыздар. Әр салаға байланысты сөздіктерді кітапханамыздан таба аласыздар.

Толық

Құрметті оқырман!

03.11.2020

... Назарларыңызға кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттерге дайындалған бейне шолуды ұсынамыз. Кітапхана үнемі жаңа әдебиеттермен толығып отырады. Бейне шолуда ұсынылған және басқа да кітаптарды кітапханадан алып оқуларыңызға болады.

Толық

Құрметті оқырман ! Назарларыңызға "Ауыл шаруашылығы әдебиеттер " жайында бейне ақпараттық беттер ұсынамыз

02.11.2020

...        

Толық