Жоғары

«Кітапхана-ұлттық тәрбиенің қайнар көзі» атты ашық есік күні өтті.

...

4 ақпан күні Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітапхана-ұлттық тәрбиенің қайнар көзі» атты ашық есік күні өтті. Шараның мақсаты: жастарға кітап оқуды насихаттау, жаңадан келіп түскен кітаптармен ашық түрде таныстыру, кітапхана мен кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, кітапхана ішіндегі бөлімдермен таныстыру, бөлімдердің атқаратын жұмыстарын түсіндіру, «Жансусар» клубымен таныстыру, клуб мүшелерін қабылдау.

Шараға мектеп оқушылары, ұстаздар, оқырмандар мен қызметкерлер шақырылды. Аталған іс-шараны кітапханашы А.Н.Медеубекова жүргізді.

Ашық есік күні кітапхана директоры М.С. Нурпеисованың құттықтау сөзімен басталды. Шара барысында кітапхананың әр бөліміне саяхат жүргізілді, бөлім меңгерушілері өз бөлімдерімен, жұмыстарымен таныстырды. Оқырандар бөлімінің меңгерушісі Исатаева Айгүл оқырман қонақтарымызды коворкинг орталығымен таныстырып, кітапханашы Аубакирова Анар  тұрақты және атаулы күндерге құрылған кітап көрмелеріне шолу жасап, еріктілер жылына жасалған бұрышпен және де «#12 айда, 12 жақсылық» атты хештегпен таныстырып өтті. Әр жылдарда кітапханада өткен іс-шаралардан слайд жасалып, экраннан көрсетілді.  Оқырмандар құрметіне кітапхана жұмыскері Молдабеков Думан ән шырқады. 2016 жылдан бастап кітапханамызда жұмыс атқарып келе жатқан «Жансусар» клубымен кітапханашы Ермекбаева Гүлнұр таныстырды. 2020 жылы кітапханамызға жаңадан келіп түскен әр түрлі жанрдағы әдебиеттер таныстырылып, оқырмандар назарына ұсынылды. Шарамыздың соңында Төселбаев Тілеухан атамыз, Амандыкова Жазира, Бегелдинов Ғанибет сынды тұрақты оқырмандарымыз сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдіріп, оқушыларды кітап оқуға шақырды. Шара қызықты да тартымды болып өтті.

 

 

 


Келулердің саны: 686