Жоғары

«Көп жасаған қария - ақылы теңіз дария» атты әдеби сазды кеші өтті.

...

       Қазан айының 1 жұлдызында аудандық орталық кітапханада қарттар күніне орай «Көп жасаған қария -ақылы теңіз дария» атты әдеби сазды кеші өтті. Кеш барысын кітапханашы М.Құнанбаева жүргізіп ,кітапхана директоры М.С.Нурпеисованың құттықтауымен ашты. «Қарттарым асыл - қазынам»атты кітап көрмесімен библиограф Н.Балдакова таныстырды. Кітапхана жұмыскері Д.Молдабеков «Көз көргендер» әні мен оқырманымыз Ә.Серикова «Ана туралы жыр» әндерін орындады. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған челлендж экраннан көрсетіліп, қонақтарға жолданды. Кітапханашылармыз Г. Ермекбаева, А. Аубакирова қарттар күніне ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.

Оқырман қонақтарырымыз караокемен ән шырқап , кітапхана қызметкерлеріне өздерінің жүрек- жарды лебіздерін білдірді. Кеш өте қызықты өтті.

Тағы суреттер


Келулердің саны: 310