Жоғары

I Аудандық кітапханашылар фестивалі өтті

...

26 қыркүйек күні Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау және кітапханашылардың іскерлік иммиджін көтермелеу мақсатында «Кitap - Fest. Kitaphanashy Best-2019» атты I аудандық кітапханашылар фестивалі Ақадыр кентінің өтті. . Аталмыш шараны Қарағанды облысы Гоголь атындағы ОӘҒК әдіскері Карашова Айгүл Каупенқызы ашып берді. Биылғы жыл ақын Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл, Жастар жылы болып, келесі жылы қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығына тойлануына орай, мәдениет үйінің фойесінде осы мерейтой иелеріне арналған кітап көрмесі орналастырылып, ойын жүргізілді. Заманауи кітапхана- кіитапханашы көзімен» атты келешектегі кітапханалардың ғимараты макеттерінен көрме ұйымдастырылды. Осы шарада жыл бойы атқарған нәтижелі жұмыстарына орай, кітапханашылар Шет ауданы әкімі орынбасарының диплом,сертификаттарымен «Ең үздік сценарист - 2019» номинациясы бойынша Төменгі Қайрақты ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ибрайбекова Айгерім, «Мамандығына адалдығы үшін» номинациясы бойынша Ортау ауылдық кітапханасының кітапханашысы Тайжанова Бекзат, «Ең үздік іс-шара өткізуші - 2019» Киікті ауылдық кітапханасының кітапханашысы Кантеева Манар, «Үздік жастар бұрышы – 2019» Төменгі Қайрақты ауылдық кітапханасының кітапханашысы Кенжешова Назерке, «Ең үздік жоба – 2019» Ақжал кенттік кітапханасының кітапханашысы Санбаева Ақжан, «Үздік аудандық бөлімаралық жоба - 2019» номинациясы бойынша аудандық балалар кітапханасы, «Үздік кітапхана -2019» Бұрма ауылдық кітапханасы, «Үздік кітапханашы - 2019» номинациясымен Ақадыр көпшілік кітапханасының меңгерушісі Мукашева Бақытгүл марапатталды.

 Кітапханашылар шығармашыл жандар қатарынан болғандықтан, шағын қойылымдар әзірледі. Ақадыр кенттік кітапханасының кітапханашылары «Сәкеннің хаты», аудандық балалар кітапханасының кітапханашылары Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын, ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай республика көлемінде ақын әндері мен өлеңдерінен челлендж ұйымдастырылса, Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай аудандық орталық кітапхананың «Мұқағали мен Фариза» атты көрінісі өз дәрежесінде қойылды. Кітап атты киені сыйлаған кітапханашының осынша еңбегін бағалау- бұл дәстүрлі үрдіс. Фестиваль соңында Шет аудандық орталық кітапханаға қарасты барлық кітапханалардың кітапханашылары «Кітапханашылар әні» атты әнмен аяқтады.

Тағы суреттер


Келулердің саны: 906