Жоғары

«Көрісу - ынтымақ пен берекенің, татулық пен тағылымның көрінісі» және «Әділ істің - арты игі» атты екі бөлімнен тұратын дөңгелек үстел отырысы өтті

...

Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде шілде айының 17 күні «Көрісу - ынтымақ пен берекенің, татулық пен тағылымның көрінісі»  және «Әділ істің - арты игі» атты екі бөлімнен тұратын дөңгелек үстел отырысы өтті. Көрісу күніне арналған тақырыптық сөре таныстырылып, оқырмандарға әдебиеттер ұсынылды. Оқырман, құқық қорғау органдарының зейнеткері И.Жолғұттыұлы құқық бұзушылықтың алдын алуы жайлы танымдық ақпарат беріп өтті. Шет аудандық соттың кеңсе басшысы С.Жарылғапова  құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстырып, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерін және қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге шақырды. Оқырмандар көрісу мейрамы және қоғамдағы құқық бұзушылық жайлы пікір алмасты.

Тағы суреттер


Келулердің саны: 1056