Жоғары

«Желтоқсан – Тәуелсіздік белгісі » атты дөңгелек үстел

...

    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елдің бар  екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне тәң барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды. Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастырумен Аудандық мұражайда  «Желтоқсан – Тәуелсіздік белгісі » атты дөңгелек үстел отырысы өтті.  «Желтоқсан жаңғырығы - Тәуелсіздік» кітап көрмесі әзірленіп  Д . Жолдыбекова оқырмандарға  тәуелсіздік  жылнамасы туралы кітаптарға әдеби шолу өткізді.  «Тәуелсіздік  мерекесі » атты баяндамасын Шидербекова Б  оқып берді. «Азаттық таңын ансаған, Алаш арыстары» атты слайд арқылы өлкемізден сол кездегі көтеріліске қатысқан және куәгерлері болған жастар туралы  кітапханашымыз А . Медеубекова айтып өтсе , ақсақал аталармыз С. Алибаев, Ө .Жуасбаев, Ш. Әлқожин  тоқталып  айтып өтті. Б. Хамзин атамыз оқиғаға қатысқан қызы Хамзина Баян жайлы әңгімесін айтты. Ж.Ақылбаев атындағы мектептің 9 сынып оқушылары , «Жас қыран» жастар клубының мүшелері Қайрат Рысқұлбеков жайлы көрініс көрсетіп, ұстаздары Е. Қызылов тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Іс – шараға қатысқан оқырмандарымыз: «Жас қыран» жастар клубының мүшелері 9 сынып оқушылары .

Тағы суреттер

 


Келулердің саны: 8446