Жоғары

«Дәуір тудырған Елбасы»

...

        1 – желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні, бүкіл халықтық мереке. Тұңғыш Президент күні – бұл тарихи  таңдау күні барлық  қазақстандықтардың Ұлт көшбасшысы. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың  төңірегіне  топтасу күні. Тәуелсіздік пен бостандықтың  игі мұраттарынан баянды етіп,өркениетті елдерге тән қадамдар жасауда, ел алдындағы саясаткерлік,қайраткерлік, азаматтық және перзенттік парызын адал орындап, әлемдік беделге ие болған. Бұл- бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман - тәуелсіздігімізді орналастыру жолындағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өзіндік қолтаңбасымен көрінген елбасымыз

      Н. Ә. Назарбаевтың салиқалы саясаты мен сауатты басқаруының нәтижесі. Сондықтан Біздің Елбасымыз - өзінің білім - білігімен, тәжірибесімен парасатты саясатымен түрлі этнос өкілдері кіретін халықты қазақ жерінде бірлік пен ынтымақтықта ұстап, береке тұнған құтты мекенге айналдырып, өз Отанының байлыққа кенеліп, гүлденуі үшін елімізді алға бастаған ұлы көшбасшы деп тарихи сағатымызды Орталық кітапхананың кітапханашысы Толеукенова Айнагүл ашты.
    Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.

Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.

Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына жайдында колледж студентеріне  «Кемеңгер  Елбасы - ырысы  елімнің» кітап көрмесі ұйымдастырылып  орталық кітапхана кітапханашысы  Исатаева Айгүл шолу жасады. Тарихи сағат барысында :  «1 – желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні » атты слайд көрсетіліп және  «Сандар сыр шертеді » , «Миллион  кімге  бұйырады »атты  викториналық сұрақтар – жауаптар қойылды. Агротехникалық  колледж  қызметкерлері, студентері  белсенді қатысып дұрыс жауап  берді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.

 Тағы суреттер

 

 


Келулердің саны: 3897