Жоғары

1- желтоқсан

...

Қазақ елінің тәуелсіздік ал ғаннан бергі бағындырған шың дары жетерлік. Тарих үшін қасқағым сәт болғанымен жиырма жылдан астам уақыт ішінде буыны енді беки бастаған ел - әлемдік деңгейдегі алпауыттармен  иық тірестіріп, тың бастамаларға ұйытқы бола білді. Оның жарқын дәлелі ЕҚЫҰ саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырып, Азиада ойындарын өткізуі, сонымен қатар көптеген халықаралық  шараларға ұйытқы болуы, алдағы уақытта “ЕХРО-2017” көрмесін өткізетіндігі дәлел бола алады. Міне, осындай ауқымды шаралардың басықасында жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен  екендігі сөзсіз. Жақында Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналып аудандық орталықтандырылған кітапханада «Нұрсұлтан - әлем мойындаған тұлға» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Бұл айтулы шараға кітапхана оқырмандары, ауыл ақсақалдары мен мектеп оқушылары, агротехникалық  колледж студенттері, мекеме, ұжым қызмет- керлері біркісідей қатысты. Мерекелік шарада сөз алған аудандық  орталық кітапхана директоры М.Сансызбайқызы мемлекетіміздегі жоғарғы  лауазым президенттік қызмет елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең  жауапты, ең қиын міндет. Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық  тілін, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін,  елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот  қана  атқара  алады. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, - деп атап өтіп, мерекеге жиналған оқырман  қауымды кешке біркісідей  атсалысуға  шақырды . Билік  тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған  келбетін, биік  болмысын, кемел  дарынын,  ел басшысы  ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ  жақсы білуі керек. Осы орайда Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатында «Кемеңгер Елбасы - ырысы елімнің» атты кітаптарға шолу жасалып, оқырмандарға таныстырылды. Сонымен қатар ел басшысының сарабдал саясаты мен қол жеткізген жетістіктеріміз жайлы «Біздің Президент» атты слайд тамаша- ланды. Мұнан соң кеш жүргізушісі Маржан Құнанбаева Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі жайлы деректер келтіріп, ол кісі ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық  дәстүрде  тәрбиеленген,  халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет- ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген  ұлтжанды  азамат деп атап өтті. Сонымен қатар Елбасы: «Мен өз халқымның  жолында басымды  бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы- бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет  етуден артық  ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат  қабілетімді, білім-білігімді  аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге  барамын » - деген болатын. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік барлық  қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық. Жұмыла отырып, біз тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құрудамыз. «Мен өз халқымды сүйемін, оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын» деген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөздерінен үзінді оқып берді. Бұдан соң мерекеге келген ауыл ақсақалдары  А.Түсіпханов, И.Жолғұттыұлы, Қ.Сейілбеков, Ш.Әлғожин, Ш.Мұстафин, М.Байтанасов, Ж.Есімқұлов, А.Мақтабеков, мұражай қызметкері Барқыт Мұратқызы және басқа да қонақтар Елбасы күніне арналған өздернің ой лебіздерін, әдемі тілектерін білдірді. Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын демекпіз. 

Тағы суреттер


Келулердің саны: 4439