Жоғары

«Тарихпен тамырлас төл теңге»

...

«Тарихпен тамырлас төл теңге» атты әңгіме – сұхбатты Шет аудандық орталық кітапхана жүйесінің  кітапханашысы Толеукенова Айнагуль ашты.Әр  мемлекеттің өзіне тән белгілері болады. Әңгіме – сұхбатымызды сол басты белгілердің бірі Қазақстан ұлттық валютасы теңге туралы әңгімеленеді екенің айтып өтті.

  Шет аудандық орталық кітапхана жүйесінің  директоры Н. М. Сансызбайқызы сөз алды. Қаржыгерлерді  кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, жұмыстарыныздың  келешекте де  Қазақстан экономикасының қаржы әлеутін дамытуға, күшейтуге және де кәсіпкерлік секторының қаржы жағынан ырысты- берекелі болуына мүмкіндік туғызуға бағытталуына тілегін білдірді.

    Қазақстан Республикасы- егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.Теңге –Қазақстанның ұлттық валютасы.Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі - ұлттық валюта.Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.

    Келген қонақтар: «Қазпочта» мекемесінің  бас есепшісі Венера Сайлауқызы, қазынашылық басқармасынан  Адайбекова Сандуғаш, Абдыгалиева Меруерт,  статистика басқармасынан Алпысбай Ержан, Бигарашева Толғанай ,кәсіпкер Қайыркүл Бекеновна, Шет аудандық  мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің бас есепшісі Қасымова Гульжихан,  мәдени – сауық орталығының есепшісі Арысбекова  Тажибала  және агротехникалық колледж студенттері.

 Келген қонақтар  арасында теңге туралы не біледі екендігі сөз болды.Қазынашылық басқармасынан келген қызметкеріміз Адайбекова Сандуғаш сөз алып,  сол жылдары « Нацбанк» қызметкерлері Венера Сайлауқызы, Назира Сағынғанқызы, Қайыркүл Бекеновна  алғаш теңгені қабылдағаны туралы айтып өтті.Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00 – де басталып, 20 қарашада сағат 20.00 –де аяқталғаның айта кетті. Келесі сөзде Қазпочта бухгалтері  Венера Сайлауқызы, кәсіпкер Қайыркүл Бекеновналарда сол кездегі қалай халыққа қызмет көрсеткендері туралы қысқаша мәліметтерін ортаға сала кетті.Қызметкерлер мен студенттер алдынғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында қандай айырмашылықтар бар  екендігін айтты.  Келген қызметкерлер мен студенттерді төрт топқа бөліп сергіту сәтті өткізілді. Бірінші топта : «Қазпочта»  мекемесінің  есепшісі  Венера Сайлауқызы, қазынашылық басқармасынан келген қызметкері Абдыгалиева Меруерт, Агротехникалық колледж  2 курс студенті Жақсымбаева Арай, екінші топта : Агротехникалық колледж студенттері Аманбекова Айгерім,  Рыскульбекова Ұлпан, Татыханова  Айжан, үшінші топта: Шет аудандық  мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің бас есепшісі Қасымова Гульжихан, кәсіпкер Қайыркүл Бекеновна, статистика басқармасынан Алпысбай Ержан, төртінші топта:   Мәдени- сауық орталығының есепшісі Арысбекова Тажибала , қазынашылық басқармасынан  Адайбекова Сандуғаш, статистика басқармасынан Бигарашева Толғанай қаттысты.

 Бірінші кезенде: « Миллион кімге бұйырады»  атты  сайысында төрт топпта алғырларын көрсетті.

 Қай халықта да ақшаға байланысты сан қилы таным түсінік, наным сенім, ырымдары бар. Бірқатар болжамдар бойынша, ақша жансыз қағаз болып көрінгенімен, оның сезімталдық қасиеті бар.

Ақшаның да ырымдары бар. Екінші кезенде ақшаға байланысты қандай ырымдар білетіндіктері сыналды.

Мақал- мәтел- өміршең поэтикалық жанр,қазақ  халқының рухани қазынасы, философиялық пайым – түйіні. Ұмытылмай ұрпақтан жаттала тараған  өнегелі, өсиет сөздердің киелі түзілімі. Адам пікірінің дәнекері, аталы сөздің мәуесі, дәмі, тұздығы.Үшінші кезенде: «Тапқырлар мен зейінділерге» арналған мақал- мәтелдердің жалғасын табуға ат салысты.

Төртінше кезенде: әр топ төрт қағаздағы жасырылған  «Мектеп», «Отан», «Махаббат», «Ана» сөздірді  алып,  сол сөз бойынша  ән салды.Қортындыла келе төрт топта  алғырлығын көрсетіп, Шет аудандық орталық кітапхана жүйесінің бас есепшісі Кемелова Қызғалдақ  Қуанышқызы  сөз алып, әр қатысушыларға сыйлықтарын тапсырды. Қаржыгерлер мен студенттер өз  лебіздерін , тілектерін білдірді.   Мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің бас  есепшісі Қасымова Гульжихан өздерінің ізбасар студенттеріне  сабақтарын жақсы оқып, келешекте өз  маман иесі болуларына тілек білдірді.

Ақша еңбекпен, біліммен келеді. Болашақта еліміздің  экономикасын дамытушы. Жоғары икемді, ұқыпты тұлға біз боламыз, деп шарамыз аяқталды.

 Тағы суреттер


Келулердің саны: 3908