Жоғары

«Ғажайып туынды»

...

Мақсаты:   І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде  мағлұмат беру,

трилогияның мазмұны мен кейіпкерлерімен таныстыру.

Оқырмандармен шығарманың тарихи маңыздылығы мен әдеби көркемдігін  саралай отырып,

жалпы кітап оқуға құштарлығын арттыру.

   Ауданымыздың Орталық кітапханасында  жыл  сайынғы  дәстүрге айналған «Бір ел- бір кітап » акция  аясында І.Есенберлинің  «Көшпенділер»  трилогиясын  талдауға арналған және де Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдығымен тұспа-тұс келген «Ғажайып  туынды» атты  тарихи сағат өтті. Тарихи сағатымыздың барысында артында өлмес сөз, өшпес із қалдырған қаламгеріміздің ғұмырнамасымен кітапханашымыз Жолдыбекова Дина  таныстырып өтті. Жазушы шығармашылығы жайлы мағлұматтар – тарихи сағаттың басты арнасы. Іс-шара аясында    «Зерлі тілді зерделі жазушы» атты кітап көрмесімен  кітапханашымыз Толеукенова Айнагүл таныстырып өтті. 

Әріптесіміз Шидербекова Бикен Ілияс Есенберлин қазақ әдебиетінің ғана емес ,қазақ халқы тарихының төрінен орын алатын дара тұлға екендігін, олай деуіміздің бірнеше  себептері  бар екендігін: Қазақ хандығының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресі тақырыбына қалам тартып,  «Көшпенділер» трилогиясын дүниеге әкелгендігін, бүгінде дүние жүзінде көптеген халықтарының тіліне  аударылып, халық әлденеше рет басылған жазушының осы еңбегін сол дәуірдегі қазақ өмірінің энциклопедиясы деп қабылдайды десек, артық айтқандық болмайтындығын баян етті. Кітапханашы жазушы туралы көптеген мемлекет және қоғам қайраткерлерінің пікірлеріне тоқтала кетті. Келген оқырмандарымыздың арасынан жас маман – тарих  пәнінің  мұғалімі  Бөкейхан  Өмірбек «Көшпенділерді» оқу оқушыларға Қазақстан тарихының елеулі, көлемді кезеңін зерделеуге зор көмек екенін айтты. Кітапханамыздың тұрақты оқырманы Татибеков Сағдат тұщымды туындыны оқудан алған әсерін ашып жеткізді. Оқырманымыз  Әлғожин Шәйкен ақсақал осы тақырып бойынша тарих мұғаліміне сұрақ қойып, жауабына толық қанағаттанды. Байтанасов Медет, Жолғұттыұлы Исақ ақсақалдар өз пікірлерін ортаға салды. Тарихи сағатымыздың  соныңда кітапхана оқырмандары тұғыры биік туындыны әдебиет майталмандары талдаған бейнероликті тамашалады.    

 

 


Келулердің саны: 4211