Жоғары

30 тамыз – Конституция күні

...

 

Конституция – егемен еліміздің құқықтық принциптерін айғақтайтын бірден бір құжат. Біздің басты  саяси  құндылығымыз және саяси бағдарымыз, мемлекеттіліктің арқауы, кемелдік кепілі, Оны    дәріптеу баршамыздың  борышымыз. Осыдан он сегіз жыл бұрын Қазақстан Тәуелсізіздігі мен    мемлекеттілігінің қалыптасуындағы маңызды  белес, сондай – ақ, әлеуметтік, экономикалық және  саяси тұрақтылықтың кепілі болған, құқықтық мемлекет  құрылуының  негізін қалаған,  демократияның дамуына септігін тигізген, қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен  келісімді  нығайтқан біздің Ата Заңымыз қабылданды. Әр мемлекеттің Конституциясы сол мемлекеттің  тәуелсіздігінің негізін қалайтын құжат екені белгілі. Қазақ мемлекеті үшін Ата Заңның алар орны  ерекше. Бұл біздің  еліміздің белгісі, егемендігіміздің кепілі. Сондықтан, еліміз үшін Конституция  күнін атап өту біздің борышымыз.

Аудандық орталық кітапханамен аудандық орталық мұражаймен  ұйымдастырып  Ата Заңның

19 жылдығына орай «Конституция тұрақтылығы Қазақстан тұрақтылығы » атты кездесу кеші өткізілді.

Кездесу кешіне келген Жастар орталығы мен Жасыл ел бағдаламасының студенттері. Конституция күніне арналған «Конституция – табысты болашақ негізі» атты тақырыптық сөре қойылып,  кітапханашы Жолдыбекова  Дина  шолу жасады. «Азат елдің ар – намысы Ата Заң» атты сауалнаманы кітапханашы Құнанбаева Маржан барлық қатысушыларға тараты,

Өз құқығынды білесін бе ? Ата Заң қай жылы қабылданды? деген сұрақтар қойылып, ұтымды жауаптар алынды, белсенді қатысқан«Жасыл ел» құрамындағы студентер Қадырбекова Т, Қайрат А,Тілеуханова Ж, Рақыш А. «Ата Заң  тұрақтылығы, Қазақстан тұрақтылығы » атты слайд Конституция бабтары туралы, Жеті жарғы, Билер соты жайлы көрсетілді. Мұражай қызметкері Бархыт Баяманова  «Алтын сандық»ойыны ұсынылды. Ойынға Сәмбет Қ, Нұрмағанбетова М  белсенді қатысы. Іс –шарамызды қорытындылай келе «Жастар орталығынан»  келген  қызметкері Мирас Ахметжанов өз тілегін білдірді.

 


Келулердің саны: 5561