Жоғары

Отбасы тынысы тіршіліктің ұясы

...

«Отбасы – тіршіліктің ұясы» деген сөз ата-ана тәрбиесінің күштілігін көрсетеді. Отбасының іргетасы  ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады.«Отан отбасынан  басталады», отбасы – тәрбиенің алғашқы баспалдағы, адамның өте маңызды, өте жауапты жанұясы,  адамның бақыты, толық мәнді тыныс – тіршілік ортасы, отбасының  ең маңызды қызметтерінің бірі  тәрбиелеушілік міндеті.Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі.

Отбасы – болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құдылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін  тәрбие ошағы. Тәрбие отбасынан басталады. Болашақ екі тірегі – әлпештеген әке мен аялаған ана.  Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Адамның жеке басының алғашқы  қалыптасуы отбасынан басталады. Отбасы – болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және  ұлттық рухани байлықты сіңіретін тәрбие ошағы. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ой-өрісі, әдептілігі  мен мәдениеттілігі отбасынан бастау алады. Сондықтан, отбасы тәрбиесі бірінші орында тұру керек.

2014 жылдың қыркүйек айынның 8 жұлдызында Отбасы күні мерекесіне орай аудандық орталық кітапхана  ұйымдастырумен «Отбасы тынысы тіршіліктің ұясы» атты  әдеби кеш өтті.  Бұл сайыстың мақсаты: Ұрпақ тәрбиесінде ата-бабамыздың ұстаған жолын, баланын отбасындағы орнының жоғары бағаландығын паш ету, бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүр, мақал-мәтелдер, нақыл-сөздерді пайдалана отырып балаларды үлкендерді кішіге көмектесуге баулу, өзара сыйластыққа,  адамгершілікке, имандылыққа,  инабаттылыққа тәрбиелеу. Кеш екі бөлімнен тұрды: 1. Отбасы туралы мәлімет алу. 2. «Отбасы тынысы тіршіліктің ұясы» атты отбасылық сайыс. Бұл іс шараның мақсаты:отбасы ұғымының қыр-сырына терең бойлап отырып ата-аналар мен балалар арасындағы сезімді нығайту, қазіргі қоғамдық өзгерістерге сай ұрпақтың бойына ұлттық игіліктерді сіңіру арқылы адамгершілігі мол, саналы етіп тәрбиелеу.1 бөлім. Іс шараны  «Оқу залы» бөлімінің меңгерушісі Ж.Батыршинова  және кітапханашы Д.Жолдыбекова ашып, Отбасы туралы мәліметтер туралы айтты. Іс шара аясында  кітапханашы А.Е.Исатаева осы тақырыпқа  ұйымдастырылған «Әр отбасы мемлекеттің іргетасы» атты кітап көрмеге шолу жасап, насихаттады және М.Құнанбаева «Отбасы тәрбиесі – қоғам негізіннің бастауы» атты баяндама оқып, жасөспірім оқырмандарға жаднамалар таратылды.2.бөлім. «Отбасы тынысы тіршіліктің ұясы» атты отбасылық сайысымызға екі отбасы қатысты- Әбдикасовтар отбасылардың ішінен анасы Айна және қызы Мерей қатысты  және  Советовтар отбасынан анасы Сандуғаш және қызы Назерке қатысты.

 

Бұл сайыс 6 кезеннен тұрды:

 

  1. 1. Таныстыру / әр отбасы өзінің отбасы туралы таныстырады
  2. 2. «Отбасы және мен» сүрет салу  /отбасындағы балалар отбасы туралы сүреттер салады/ 3 мин
  3. 3. «Өнердің өрісі кең» / әр отбасы өнерлерің көрсетеді -  би, өлең, тақпақ/
  4. 4. Мақал – мәтел сайысы /  слайд арқылы мақал -мәтелдердін басы жазылған, жалғасын сурет арқылы көрсетіледі  және  сол мақал – мәтелдерге  түсінік беру/

 

  1. 5. Отбасыға байланысты сөздерден сөз құрау /әр отбасыға ақ қағазға жазылған сөздер таратылады, сол сөздерге отбасыға байланысты сөздерді  жазу керек/
  2. 6. «Отбасынан артық не бар?» /отбасыға байланысты сұрақтар беріледі/
  3. 7. Барлық кезендерге белсенділік, жылдамдылықтарын  көрсеткен әр отбасының балаларымен аналар.
  4. 8. Бұл сайыста әділқазыларда  сайланды.  - арнайы шақырылған аудандық отбасы ісі және демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы Р.Төлегенқызымен зейнеткер – ұстаз Шәмшия апай болды.
  5. 9. Сайыстың 6  кезен біткен сон екі отбасыға әділқазылар және Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры М.С.Нұрпейісова  тілектерін айтып, «Алғыс хатпен», естелік сыйлықтар табыс етті.
  6. 10. Қатысып отырған қонақтар Шет Агротехникалық студенттермен ұстаздар болды, және оларда өз ойларын ортаға салып, отбасыға байланысты өте күрделі сұрақтар қойыды, бұл сұрақтарға  аудандық отбасы ісі және демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы Р.Төлегенқызымен зейнеткер – ұстаз Шәмшия апай  жауап берді.Іс шара сонында барлық қатысып отырған қонақтар өз тілектерін , лебіздерін білдірді.
    1. 11. 2014 жылдың қыркүйек айынның 17  жұлдызында Отбасы күніне және Тілдер мерекесіне орай  аудандық орталық кітапхананың   ұйымдастырумен «Тіл мәдениеті отбасынан басталады» атты  дөңгелек үстел отырысы өтті.    Бұл дөңгелек үстелдің  мақсаты: отбасы құндылықтарын, ұлттық салт-дәстүрді, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды рухани адамгершілікке  тәрбиелеу, отбасы тәжірибесін насихаттау, тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, мемлекеттік тіл мәртебесін отбасынан бастау алуға  шақыру.Келген қонақтармен  «Оқу залының» меңгерушісі Ж.С.Батыршинова келген конақтармен таныстырып, іс шараны  ашты. Кітапханашы А.Исатаеваның   ұйымдастыруымен «Тіл мәдениеті отбасынан басталады» атты слайд көрсетілді.

Келулердің саны: 6841