Жоғары

Қарттар күні

...

1-ші - Халықаралық қарттар күніне арналған «Қариялар – қоғамның бағдаршамы» атты әңгіме – сұхбат  өткізді.

Іс шара жүргізуші Құнанбаева М  іс шараның   мақсатымен таныстырып өтті. Мақсаты: Жас жеткіншектердің  бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен  мейірімділікке тәрбиелеу, ата – ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу,  жасөспірімдердің бойына  адамгершілік қасиеттері, мейірімділікті, қайырымдылықты, қамқорлықты,  кішіпейілділікті дамыту.

Іс шара барысында мәдениет және тілдерде дамыту бөлімінің бастығы А.К.Карибековке  сөз беріліп,  қонақтарды құттықтап, тілегін білдірді.

Іс шарамызға ауылымыздың қарт ақсақалдармен әжелер өте белсенді қатысты, атап айтқанда Ж.Есімқұлов,  Қ.Сейілбеков, Ш.Алғожин, А.Мақтабеков, Ш.Мұстафина және т.б. қатысты.

Әңгіме – сұхбат барысында кітапхана қызметкері  Жолдыбекова Д «Қариялар – қоғам қазынасы» атты тақырыптық сөреге шолу жасады.

Жүргізуші  іс шара барысында қатысып отырған қария - қонақтарға  спортқа, тарих жолдарға, қазіргі жастардың айырмашылығы туралы  және басқа да тақырыпқа байланысты сұрақтар қойды, іс шарамызға өте белсенді қатысқан Ж.Есімқұлов, Қ.Сейілбеков, Ш.Алғожин, Ш.Мұстафина және қатысып отырған мектеп оқушылар қартарға байланысты мақал – мәтелдер айтып, қызықты сұрақтар қойды.

Іс шара сонында ардагерлер төрағасы Қ.Сейілбеков қарт – ақсақалдар атынан ризашылығын білдіріп, тілегін айтты, «Жастар орталығының»мамандарыда үлкен кісілерімізге  өз тілектерін білдірді және аудандық орталықтандарылған кітапхана жүйесінің директоры  М.Нүрпейсова  барлық қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етті.

Қарттарым асыл қазынам слайд


Келулердің саны: 8857