Жоғары

Елбасы күні

...

 

1 – желтоқсан – Президент күніне орай Шет аудандық орталық үлгілі кітапханасының қызметкерлерінің  ұйымдастыруымен Шет агротехникалық колледжін студенттеріне өткізілген «Кемеңгер Елбасы – ырысы  елімнің»  атты дөңгелек үстел отырысын Кітапхана кітапханашылары М.К. Құнанбаева, А.Н. Медеубековалар  ашып жүргізді.         Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жетістіктері  Қазақстан халқының орасан зор шынайы құрметі мен сеніміне ие болды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш  Президентінің Республикаға сіңірген зор ғаламат еңбегі танылып, сонымен бірге Қазақстан халқы еліміздің  жасампаз бүгіні мен жарқын болашағының кепілдігін Елбасымен байланыстырады. Тәуелсіздігімізді алғаннан  соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным  әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол  жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар –  намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі  осы нұрлы күндерге жеткізді.  Мемлекет басшысының елімізді аяғынан нық тұрғызып, әлемге танытудағы  еңбегі ұшан – теңіз. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, егемендік алғалы бері де жиырма жылдан асты.  Осы уақыт аралығындағы Қазақстанды барша әлем таныды десек те болады. Мәдениетіміз, өнеріміз, экономикамыз, білім мен ғылымымызбен өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылдық деп мақтанышпен айтуға қақымыз бар.  Қарашаайындағы Нұр Отан партиясының кеңейтілген отырысында халыққа «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты кезекті жолдауы: Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы  Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін ,келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек.. Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі.  «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» жолдауы алты бағыттаң тұрады, алты саланы өркендетуге бағытталған.   Әсіресе, индустриялық – инновациялық даму, энергетикалық, ТКШ, тұрғын үй инфрақұрылымдарын шағын және орта бизнесті дамыту несиелер беру, банк секторын сауықтыру , әлеуметтік, білім беру  салаларының мәселелері, «ЭКСПО – 2017» кешенін жалғастыру және соның қарсанында жол, аэропорт,  инфрақұрылымын дамыту туралы ойластыру, көліктік – логистикалық инфрақұрылымды дамыту толық қамтылғандығы өздерінізге аян.  Осы дөңгелек үстел аясында Шет агротехникалық колледжін студенттерінің ішінен  І курс студенттері Б. Тастемирова, А. Пернебай, М. Төлеужан өздерінің түйіндеген ойларын ортаға салды.

 Тағы суреттер


Келулердің саны: 4748