Жоғары

Аналар өмірдің өзегі

...

2 014 жылдың наурыз айынның 6 жұлдызында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық аналар күні мерекесіне арналған "Аналар- өмірдің өзегі" атты мәдениет бөлімінен зейнеткерлік демалысқа шыққан қызметкерлерімен кездесу кешіөтті. Кешті аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ж.Батыршинова абонемент бөлімінің кітапханашысы М.Кұнанбаева жүргізді, іс шара барысында зейнеткер

 

Жонкина Күлмара, Абеуова Рабиға, Құнанбаева Зейнекүл, Тәжібаева Зәбира, Ахметжанова Ғайша, Айтжанова Жұмагүл, Биғарашева Кенжебала, Ешанова Гүлсара, Сакипова Сара, Малтабарова Мейрамкүл, Қасымова Гүлжихан, Медеуова Марал, Тажібала Арысбекова апаларымызды мерекемен құттықтап, ақ дастархан басына шақырды.

Іс шара аясында әр зейнеткерлердің өмірі мен қызмет бабында түсірілген фотоларынан фотослайд көрсетіліп, апаларымызға қызықты сұрақтар қойылды - бұл сұрақтардың біріншісі еңбек жолына байланысты болса, екіншісі ситуациялық, қызықты, логикалық сұрақтар қойылып қызықты жауаптар алынды. Сұрақтар сыйлықтарға жабыстырылып өз қалаулары бойынша таратылды. Зейнеткер апаларымызға арнап мәдени- сауық орталығының әншілері Ж.Тайжанов, Е.Ахметов, Е.Омаров аналар туралы ән шырқады.Зейнеткерлікке шыққан апаларымыз кітапхана ұжымына алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.К.Карібеков және Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басшысы М.С.Нүрпейісова сөз сөйлеп, құттықтап, сыйлықтар табыс етті.


Келулердің саны: 3566