Жоғары

«Астана – мәңгілік елдің арқауы»

...

 

2014 жылдың  шілде   айының  4  жұлдызында сағат  10 .00 ден 12.00 ге дейн  аудаңдық  орталық  кітапхананың ұйыдастыруымен  «Жазғы    кітапхана-2014» акциясының   аясында   Астана күніне  орай «Астана – мәңгілік елдің арқауы» атты «Шығармашылық платформа» өткізілді.

«Шығармашылық платформа» өткізудегі мақсатымыз: кітапханаға жана оқырмандырды тарту,  оқырмандар назарына  Астана күніне орай  ұйымдастырылған «Астана – болашақтың қаласы» атты кітап  көрмеге  шолу жасау, әр түрлі саладағы әдебиеттерді  оқырмандарға насихаттау. «Шығармашылық  платформада» әр түрлі тақырыпқа байланысты ойындар ойнатылды – «Адасқан сөз гүлдері», «Жұмбақ  ауылы», «Түймедақ бұрышы», «Сөзжұмбақ ауылы»,  «Логикалық сұрақтар»

Барлық ойындар өте  тартымды да қызықты өтті. Ойын барысында әр салада қызмет ететін  мамандар, «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы жұмыспен қамтылған   жастар,  ауыл ақсақалдары,  жасөспірімдер, ауылға келген қонақтары қатысты.

Шығармашылық платформада «Адасқан сөз гүлдері» ойынына аудан әкімі Р.Әбдікеров қатысып,  Астанаға байланысты сөйлемдерді  құрады, осы ойынға белсене қатысқан   оқырмандарымыз:  Е.Қасымов, М.Маханбетчина, ауыл ақсақалы Е.Жәнібеков, Д.Бөлкенбаев,   мекеме қызметкерлері  З.Габдуллина,  А.Тоқбалин , Қ.Сағындық.

«Жұмбақ  ауылына» келген оқырмандарымыз, киіз үй  ішіне түрлі- түсті қағазға жазылған жұмбақтарды шешті,  жұмбақтарды тез шешкен оқырмандарымыз : Ш. Жүністегі, Н.Әбдікешев, Ж. Ділдібаев, Ж.Қамытбаева.

«Түймедағы бұрышы» ойынында  Астананың  туған  күніне орай сұрақтар жасырылды, сұрақтарға  жауап берген оқырмандарымыз:  Ә.Смағұлұлы, Д.Бөлкенбаев,  З.Габдуллина,  Қ.Сағындық, М.Әбдіразақова, Ж.Сағынбаева. 

Тағы суреттер

 

 


Келулердің саны: 3881