Жоғары

«Жазғы кітапхана - 2015» акциясы өтті

...

 

2015 жылдың  маусым  айының  22 жұлдызынан бастап «Жазғы кітапхана - 2015» акциямыз  өз жұмысын  бастады.  Акцияны   аудаңдық  орталық  кітапхананың  «Оқырмандарға қызмет көрсету» бөлімі және «Абонемент» бөлімдерінің  кітапханашылары  Д.Жолдыбекова, А.Толеукенова  М.Құнанбаева,  А.Исатаева,

А. Медеубекова  «Болашақ» дүкені алаңында І - апталығын ұйымдастырып өткізді. «Жазғы кітапхана - 2015» акциясының  аудандық орталық  кітапхана жүйесінің кітапханашылары  кітапханаға  жана оқырмандарды тарту,  кітап оқу, кітапқа деген қызығылушығын ояту мақсатында өткізіліп отырғанын айтып, іс шараның  бағдарламасымен таныстырып  өтті.

Іс - шара аясында әр келген  оқырмандарға «Бір ел , бір кітап» аясында 2015 жылдың жыл кітабы Ілияс  Есенберлиннің «Көшпенділер»трилогиясы, «Қазақ  хандығына  550 жыл» , «Ұлы Жеңіске 70 жыл »«Ассамблеяға 20 жыл», «Ата заңымызға 20 жыл »аясындағы  әр түрлі саладағы әдебиеттерге  шолу жасалып, насихатталды. Атап айтқанда  «Жаңа әдебиеттер», «Шытырман толы оқиғалар» , «Шетел  жазушылары әдебиетшілері», «Қазақ поэзиясы»,  «Казақ жазушылар шығармалары». Ата Заңымызға 20 жыл толуына байланысты  «Сыр сандық» атты  сұрақ- жауап ойыны ойнатылып, «Азат елдің ар-намысы- Ата Заң» атты сауалнама таратылды, сол сауалнамамызға жауап берген, белсенді қатысқан аудан тұрғындары : Ақыжанов Ж. Қуанышбекова А,

Болат А. Қазақ хаңдығының 550 жылдығына байланысты  «Адасқан сөздер»  ойының ойыны ойнатылып ,қазақ хандығы туралы кітаптары насихатталды.Белсенді қатысқан аудан тұрғындары : А.Ахым ,С. Мұстафин ,К.  Жексенбина.

Қазақ  ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ,қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Биыл Ұлы Жеңіске 70 жыл.  Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына орай « Майдаңгер хаты » атты сұрақтар - жауаптарға

Г. Молдабекова, К. Жексенбина , П. Дүйсенбековалар толығымен  жауап берді. «Ассамблеяға 20 жыл» толуына орай әр түрлі тақырыпқа байланысты «Бақшада» атты  мақал-мәтелді аяқтау ойыны ойнатылды, қатысқан  аудан тұрғындары Ж.Ақыжанов ,А.Құсайынова. Қортынды сөзді аудандық орталық кітапхана кітапханашысы Жолдыбекова Д : Бүгінгі аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Жазғы  кітапхана-2015» атты  акциямызды  аяқтаймыз.Акциямыз жаз бойы жалғаса береді, қатысып, тамашалаңыздар көп рахмет сау – саламатта болыныздар.

Тағы суреттер

 


Келулердің саны: 4261