Жоғары

Келешегіміз есірткісіз болсын

...


2014 жылдың мамыр айынның 14 жұлдызында сағат 14.00 де аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің  ұйымдастыруымен «Келешегіміз есірткісіз болсын!» атты акция шеруі өткізілді.

Бұл акцияға ауданның Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, аудандық деңсаулық сақтау бөлімінің қызметкерлері,  М.Горький атындағы эксприментальды мектеп гимназиясының,Ы.Алтынсарин атындағы мектеп  гимназиясының оқушылары және ауданымыздағы Агротехникалық колледж  студентері, аудандық балалар  кітапханасының және аудандық орталық кітапхананың  қызметкерлері қатысты. Бұл акцияға қатысушылар  біріңғай форма киіп, қолдан жасалған эмблемалар тағып акцияға үлкен дайындықпен шықтты. Шеру  басталмас бұрын барлық қатысушыларға «Нашақорлық - қоғам дерті», «Біз өмірді таңдаймыз!»,  «Есірткісіз Қазақстан», «Біз есірткіге қарсымыз!», атты лозунтер, нашақорлыққа байланысты плакаттар,  жаднамалар, ұран сөздер таратылды.

Шеруді аудандық орталық кітапхананың қызметкерлерінің жартысы  Агротехникалық колледжінен бастап-  Абай көшесіне өтсе, екінші жартысы  М.Горький атындағы мектеп – гимназиясының алдынан, Ы.Алтынсарин мектеп гимназиясының алдымен, Шортанбай жырау көшесінің  бойымен, Шет аудандық ішкі істер бөлімінің жанымен  - Абай көшесіне өтті.Екі көшенің бойымен келген акцияға қатысушылар бірігіп іс шара  Мәдениет үйнің  аланында жалғасын тапты.

Мәдениет аланында аудандық орталық аурухана психолог қызметкері Мейрамбекова Гүльнур «Нашақорлық – ғасыр дерті» атты баяндама  оқыды, ауданының спорт мектебінің жаттықтырушылары салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында барлық акция қатысушыларды топтарға бөліп, доппен әр түрлі спорттық ойындар ойнатты және акцияға қатысқан  барлық  қатысушыларға кітапхана қызметкерлері және аудандық орталық арухана қызметкерлері есірткіге, темекіге, ішімдікке  қарсы сауалнамалар таратып, жауаптары  алынды .

Іс шара аясында Ы.Алтынсарин 9-10 сынып оқушылары және М.Горький атындағы 10 сынып оқушылары өздері ұйымдастырылған  «Флеш-моб» биін  ұйымдастырып, бұл биге барлық акция қатысушыларда  белсене қатысты.

«Келешегіміз есірткісіз болсын!» атты акциясының  барлық қатысушыларына  «Алғыс хатпен», сыйлықтар берілді.

Тағы суреттер

 


Келулердің саны: 2956