Жоғары

Жазғы кітапхана - 2014 акциясы өтті

...


«Артық ғылым кітапта,

ерінбе оқып көруге» деп  Абай атамыз айтқандай

2014 жылдың  маусым  айының  26 жұлдызынан бастап «Жазғы кітапхана - 2014» акциямыз  өз  жұмысын  бастады.    Акцияны   аудаңдық  орталық  кітапхана  «Оқырмандарға қызмет  көрсету» бөлімінің меңгерушісі  Ж. Батыршинова    және «Абонемент» , «Оқу зал»бөлімдерінің    кітапханашылары  Д.Жолдыбекова,  М.Құнанбаева,  А.Исатаева, Г. Мұхтарова  «Болашақ» сауда үйінің  алаңында І - апталығынұйымдастырып өткізді.

«Жазғы кітапхана - 2014» акциясының  аудандық орталық  кітапхана жүйесінің   әдіскері  М.  Жакупова  кітапханаға  жана оқырмандарды тарту,  кітап оқу, кітапқа деген қызығылушығын ояту  мақсатында өткізіліп отырғанын айтып, іс шараның  бағдарламасымен таныстырып  өтті.

Іс шара аясында әр келген  оқырмандарға  әр түрлі саладағы әдебиеттерге  шолу жасалып, насихатталды, атап айтқанда  «Жаңа әдебиеттер», «Өлкеміздің ақын- жазушыларының шығармалары», «Шытырман толы оқиғалар» , «Фантастикалар», «Классикалар»,  «Казақ жазушылар шығармалары»

Іс шара барысында әр түрлі тақырыпқа байланысты барлық топ оқырмандар арасында ойындар ойнатылды, соның  ішінде «Жеміс ағашы», бұл ойында жеміс ағашына  келген  оқырмандар   өздеріне   ұнаған  жемісті алып,  жемістің  артына жазылған  қызықты сұрақтарға  жауап берді, бұл ойында өте белсенділік  көрсеткен оқырмандарымыз  аудандық орталық аурухана қызметкері А.Бақытнұр, «Болашақ» сауда үйннің  иесі  А.Құдарбергенова,  аудандық  халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері Б.Базылова, зейнеткер Қ.Қыздарбековалар қатысты.

Келесі ойын «Сыр сандық» ойыны ойнатылды, бұл  ойында  сыр сандықтың  ішінде  түрлі – түсті  қағазға жаңылпаштар және  мақал- мәтелдердің  басы жазылған, алған оқырман  жаңылпашты  тез  айту  және   мақал- мәтелдердің  жалғасын айту керек  болды,  бұл ойында жазғы демалыста жүрген  мектеп оқушылар ішінде белсенділік көрсеткен  Ф.Дәулетбек , Д.Қыздарбекова, Б.Амангелді  және  ауданға келген  мектеп  оқушылар қонақтарымыз қатысты.

Келесі ойын  «Жұмбақ киіз үй» ойыны ойнатылды, бұл ойында киіз үй сыртында түрлі- түсті қағазда жұмбақтар жасырылып  ілінді, киіз үйге келген оқырман өзіне ұнаған  түрлі – түсті қағазды алып, артындағы жұмбақтын жауабын айтты,  бұл ойында  жұмбақтардын  жауабын тез айтқан оқырмандарымыз  ауданының  білім,  денешынықтыру және спорт бөлімінің қызметкері Т.Сүлейменова, «Шет – Көмексервис» қызметкері Е.Мүсин, «Қазынашылық » бөлімінің қызметкерлері  К.Түсупбекова, Н.Абдығалиева, С.Адайбекова  және   аудан тұрғыны А.Нұрғалиева  қатысты.

Барлық  жиналған оқырмандарға «Қазіргі заманда кітапхана кереп па?» деген  сауалнама, сөзжұмбақтар   мен  «Кітап – қымбат қазына» атты жаднама таратылды және осы акцияда кітапханаға  жұмыс уақытында келе алмайтын оқырмандарымызға «Оқырман кітапшасы» ашылып, кітаптар берілді.

Акцияға келген оқырмандарымызға  әр түрлі тақырыптағы  журналдар, кітаптар таратылды .

Тағы суреттер


 

 


Келулердің саны: 2848