Жоғары

«Жазғы кітапхана 2014»

...



«Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп Абай атамыз айтқандай, 2014 жылдың  маусым  айының  12  жұлдызында сағат 11 .00 ден 13.00 ге дейн  аудандық «Жанқұтты би» мешітінде жазғы уақыт демалысында  жүрген оқушыларға аудаңдық  орталық  кітапхана «Оқырмандарға қызмет көрсету» және «Абонемент»  бөлімінің  кітапханашыларымен  ұйымдастыруымен   «Жазғы кітапхана 2014» акциясын өткізді.

Бұл акцияның мақсаты кітапханаға оқырмандарды тартту, кітаптарды насихаттау. Іс шараны аудандық  орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры М.С.Нүрпейісова сөз кезегін алып, балаларға жазғы  демалыста жақсы демалып және өткізілген іс шарамыздағы ойындарға белсенділік көрсетіп қатысын  деп тілегін  білдіріп, іс шарамызды ашты.

Іс шара аясында мешітте өткізуіне байланысты болғанымен «Жеміс ағашына» дінге және басқада тақырыптарға  байланысты сұрақтар жазылып ілінді, бұл ойынға қатысқан оқырмандарымыз тез және жылдам жауап  беру тиіс  болды. Бұл ойынға белсенділік көрсеткен А.Жұмабаев, Н.Бітімов, Н.Аманбол, Н.Бітімов,

Келесі ойын «Сыр сандық» ойыны, бұл ойында сандық ішіне әр түрлі – түсті қағазға жазылған мақал – мәтелдер мен  жанылпаштар жасырылды, сын сандықтың ішінен алған оқырмандарымыз жылдамдықтарын көрсетіп жауап беру тиіс болды. «Сыр сандықтың» ішінен алып жылдамдықтарын көрсеткен Т.Махамбетчин, М.Советова, А.Төлеубаева, А.Қадірбек

«Сөзжұмбақ» ойынына барлық балалар қатысып, өздерінің білімдерін тексеріп, көрсетті. Сөзжұмбақтарымыз жеміс – жідектекге, аңдарға, өлкеміздің ақын –  жазушыларымызға, тарихқа, білімге  байланнысты құрылған. Сөзжұмбаққа тез жауап берген М.Жанупов, А.Мажимов, М.Серғазы, Н.Есмағамбетов, Е.Тұяқбай.

Келесі ойынымыз  «Жұмбақ киіз үй»,  бұл жерде киіз үйге әр түрлі – түсті қағазға жазылған жұмбақтар жазылып ілінді, оқырмандарымыз өзіне ұнаған қағазды алып жұмбаққа жауап беру тиіс, бұл ойынға белсенділік көрсеткен Н.Бижанов, Б.Жеңіс, А.Серікбаев, Б.Амангелді, Т.Ерлан.

Жазғы демалыста жүрген оқырман оқушыларымызға іс шара сонында  естелік сыйлықтар және  «Алғыс хатпен» марапаталды.

 


Келулердің саны: 3246