Жоғары

Еңбек күні

2014 жылдың қыркүйек  айының 30 жұлдызында аудандық орталық кітапхананың «Оқырмандарға қызмет  көрсету» бөлімдерінің ұйымдастыруымен  Еңбек  күніне арналған «Еңбек  патшалығы асырайды» атты    дөңгелек үстел отырысы. Бұл іс шараның мақсаты: «Еңбек» адамгершілік  құндылығы туралы түсінік беру,  оқырмандардың еңбек ету қызығушылықтарын  дамыту, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Іс шараны кітапханашы  М. Құнанбаева ашып, еңбек туралы қысқаша мәлімет берді, «Еңбек бәрін  жеңбек» атты кітап көрмеге А.Е.Исатаева шолу жасап және аудандық орталық кітапхананың директоры  М.С.Нұрпейісова сөз сөйлеп, еңбек күнімен құттықтады.

Іс шараға «Жастар орталығының», «Мәдени-сауық орталығының» жас мамандары, мектеп оқушылары мен  ауыл ақсақалдары  қатысты. Іс шара аясында барлығына еңбек туралы  мынандай сұрақтар қойылды:

  1. Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыздар?
  2. Еңбекқор деп қандай  адамды айтамыз?
  3. Адам бойында қандай қасиеттер болғанда еңбекте жеңіске жетеді деп ойлайсыздар?
  4. Еңбекте адамның психикалық және физиологиялық ерекшеліктері өзгерема?
  5. Еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде екенің?
  6. Дөңгелек үстел аясында Ш.Алғожин, Б.Абитаев, М.Балтин, А.Сүлейменов   аталарымыз еңбектерін қай кезде және қай жастан бастағандарын айтып, әр мекеменің жас мамандарына   Еңбек туралы сұрақтар қойлып, ақсақалдардың ақыл-кеңестерін алды.

 


Келулердің саны: 3392