Жоғары

Тілдер мерекесі


«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең құаттысы – тіл» - деп  Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай еліміздің тәуелсіздік алып, мемлекет ретінде өзін әлемге танытып,  өркениетке бағыт алған кезде елдің экономикалық дамуына басты назар аударылды да, ұрпақ тәрбиесі,  тіл мәселелері көтеріліп отыр. Тіл – адамның жан дүниесі, тілді білген адам ғана сол ұлттың жан  дүниесін ұғады, болмысын сезінеді, қандай халық екендігін түсінеді және жеткізе алады. Сол Тілге  арналған 2014 жылдың қыркүйек айынның 25  жұлдызында 22 қыркүйек Тілдер мерекесені орай    аудандық орталық кітапхана  ұйымдастырумен «Тіл ұлттың жаны, халықтың  үні» атты «Сөзмерген» сайысы өтті.

Бұл іс шараның мақсаты: оқырмандардың  ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл туралы білімдерін  жетілдіру; көркемсөзді өнер табиғатына сай шеберлікпен айтуды үйрету; тіл мәдениетін қалыптастыру,  өзіндік ой-пікірін жүйелі айта білуге,шешен  сөйлеуге баулу, халықтың мақал- мәтелдерінің мағынасын  түсінуге

Іс шараны кітапханашы Д.Жолдыбекова ашып, қысқаша  Тілдер туралы мағлұмат беріп, «Тіл ұлттың жаны, халықтың үні» атты «Сөзмерген»сайысының кезеңдерімен таныстырды.  1.кезеңде «Білімді мыңды жығар» Тілдерге қатысты сұрақтар,  2 кезең: «Сөз ойла , тез ойла» сөз құрау  (адасқан сөздерді орнына қою), тілге байланысты  слайд арқылы ауысқан сөздер берілді, сол сөздерден сөйлемдер  құру қажет,  3 кезең:«Кім жылдам» (мақал-мәтелдердің  шешу) тілге байланысты  мақал – мәтелдердің  басы жазылып,  жалғасын әр топ жылдамдықтарын көрсетіп, толық сырын ашып, жауап беру қажет,  4 кезең «Ойлы болсаң, ...» (көнерген сөздің мағынасын ашу) көне сөздер жазылады, сол сөздердің толық мағынасын айту, 5 кезең «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» фразеологизмдердің мағынасын ашу.

«Сөзмерген» сайысы 3 топтан құрылды «Жалын», «Сұңқар», «Мирас». Топ мүшелері, «Жалын» тобында  М.Горький атындағы мектеп – гимназиясының 9 «а» сынып оқушылары Сыздыкова Әлия, Төлеукенова Жұлдыз, Төлеуова Ләззат, «Сұңқар» тобында  М.Горький атындағы мектеп – гимназиясының 10 «а» сынып оқушылары Шагирова Құралай, Абдығалиева Аяжан, Маратова Алина, «Мирас» тобында М.Горький атындағы мектеп – гимназиясының 10 «в» сынып оқушылары Тезекбаева Адель, Алтынбекова Айгерім, Кулсариева Зере,жетекшісі М.Горький атындағы мектеп – гимназиясының «Қазақ тілі және әдебиет» пәнінің мұғалімі Г.С. Қасымова қатысты.

Сайыс кезендері  басталмас бұрын әр топ өздерін таныстыру сәтінен бастап, бұл сайысқа қандай мақсатпен келгендерін айтып өтті. Сайыста әділ қазылар алқасы ауыл ақсақалдыры Сейілбеков Қуаныштай, Алғожин Шәйкен, Жәнібеков Ертай аталарымыз сайланды, көрермендер ретінде Шет агротехникалық колледж студеттері мен ауыл ақсақалдары қатысты.

 Барлық сайыста әр топ белсенділіктерін, жылдамдықтарын көрсетіп, тіл шеберліктерімен ұғымды жауаптар берді, аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы А.Е.Исатаева слайд арқылы көрсеткен  көнерген  сөздермен фразеологизмдердің кезендерінде қиыншылықтар туындаса да, берілмей ойларын ортаға салып, жауап берді. Әр кезеннен кейін әділ қазылар Сейілбеков Қуаныштай, Алғожин Шәйкен, Жәнібеков Ертай аталарымыз өз ойларын айтып, бағаларын беріп отырды.

«Сөзмерген» сайыс сонында әділ қазылар алқасы әділ шешімдерін қабылдағанша, оқырмандар арасынан ауыл ақсақалдарымыз  Б.Хамзин, М.Балтин сөз сөйлеп, пікірлерін айтып, ризашылықтарын білдірді.

«Сөзмерген» сайысының жеңімпазы «Жалын» тобы екі топтан  басып озып «Алғыс хатқа» ие болды, және  «Сұңқар» мен  «Мирас» топтарыда қалыс қалмай «Алғыс хатпен» марапатталып, барлық  топ мүшелері естелік сыйлықтарға ие болды,

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы», дегендей біз ана тілімізді тұғырының мықты болуына негіз болған бабаларымыздың өсиетін ұран етіп, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек, деп ойлаймыз.

2014 жылдың қыркүйек айынның 23  жұлдызында Шет аудан әкімдігі мен Шет аудандық  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырумен Қазақстан халқының тілдер күніне арналған    Нұраталды  ауылында Мәдениет үйінде «Тілге құрмет- елге құрмет» атты аудандық фестиваль өтті. Бұл фестивальдің мақсаты: Мемлекеттік тілдің қолданылу, елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардыңм арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, әр ұлттың тілі мен дәстүріне құрмет көрсету.

 Фестиваль басталмас бұрын  Шет аудандық орталық кітапхана ұйымдастыумен тілге байланысты іс шаралар өткізді, атап айтқанда «Адасқан гүл сөздері» сөз құрау, «Сыр сандық» тілге байланысты мақал – мәтелдердің жалғасын сүрет арқылы айту, «Сұрақтар әлемі» тілге байланысты сұрақтар қою және Қызылғой ауыл кітапхананың «Сөз қазына бәйтерегі» екі тілдегі сөзді қазақшаға аударып, мақал – мәтелдер құрастыру, «Жұмбақтар ауылы» жұмбақтар шешу. Барлық ойындарға Нұраталды мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары, мектеп ұстаздары қатысып, сыйлықтарға ие болды.

«Ана тілі – қазақ тілі» деген сөзді қағазға емес көкірегімізге жазатын уақыт жетті. Олай болса, біздің мақсатымыз – Ана тілімізді қадірлеу! Мемлекеттік Тіл мәртебесін көтеру!  -Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін  жоғары  көтереді  деп сенеміз.

 


Келулердің саны: 2849