Жоғары

Тілдер мерекесіне орай өткізілген «Тіл – халық үні» атты полиглот сайысы

...

 

     Мақсаты: Үш тілді – қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды анықтау, тіл саясатын жүзеге асыру, жастардың тіл меңгеруге деген ынтасын арттыру, заманға сай жас мамандардың қалыптасуына үлес қосу.

 Жүргізушілер Алтынбек Бекзат пен Серикова Арайлым тарапынан қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілгенін, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енгенін, Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз екені айтылды.  


 «Тіл – асыл қазынамыз » атты кітап көрмесін оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Жолдыбекова Дина таныстырды.

 

Келесі кезекте жүргізушілер сайыстың шарттарымен таныстырды. Қатысушылар екі топ болып бөлінді. Әр топ мүшелері өз топтарына ат қойып, өздерінің топ басшыларын сайлады. Әр топтың алға қойған мақсатына сай ұраны таныстырылды. Әрбір қатысуышға белсене қатысуға кеңес берілді.

1-кезең «Таныстыруда» әр топ өз т
оптарының атын, ұранын, топ басшыларын таныстырды. «Жансусар» тобын Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның мұғалімдері – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тәжібеков Берікбол, орыс тілі пәнінің мұғалімі Усина Жаңагүл, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Советова Гүлдана құрады. Топты Тәжібеков Берікбол басқарды. «Лингва» тобының құрамы   Ы.Алтынсарин мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абитаева Меруерт, аталмыш мектептің кітапханашысы Оспанова Нұргүл, Шет агротехникалық колледжінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Белкитаева Салима болды. 2-кезең «Бәйге» кезеңінде топтарға жалпылай карточкамен тапсырмалар таратылды, әр топ мүшелеріне қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндеріне байланысты сұрақтар берілді. Аталмыш кезеңде Оспанова Нұргүл, Тәжібеков Берікбол белсенділік танытты. 3-кезең «Полиглот» атты кезеңде әр топқа тапсырмалар беріледі, әр тапсырма А және Ә бөлімімен келді. А бөлімінде қатысушылар мақал – мәтелді жалғастырды.Ә бөлімінде оқушылар мақал – мәтелді үш тілге аударды. Ә бөлімінде жүргізушілер әр топқа жеке-жеке сұрақтарды ауызша оқыды.
Команда жетекшілері ортаға шығып билет таңдады, билетте кездескен қазақ тіліндегі екі мақалдың қалған екі тілдегі аудармасын ауызша оқыды. Бұл кезеңде Усина Жаңагүл ерекше тапқырлығын көрсетті.  5-кезең «Жұмбақтар» кезеңінде жұмбақтар таратылды, қатысушылар жұмбақтар шешулерін өзге екі тілге аударуы міндеттелді. 6-кезең «ABC» кезеңінде екі топтан бір-бір сайыскерден ортаға шығып, ағылшын тілі әліпбиінің алғашқы әріптері «а» және «b» әріптерінен басталатын дұрыс жауаптарды көп нүкте орнына толтырды. Абитаева Меруерт, Советова Гүлдана білгірліктерін дәлелдеді. Сайыскерлер 7-кезең «Аудармашы» кезеңінде берілген сөздерді қазақ тіліне аударып, аудармасын келесі бағандағы көп нүктенің орнына қойып, сол шыққан сөздердің ағылшын тіліндегі аудармасын табуы қажет болды. Бұл кезеңде Белкитаева Салима ерекше белсенді болды. Сайыс соңында әділ қазылар алқасы – Шет ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Жәнібеков Ертай, тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Махмутова Гүлзада қорытынды сөз сөйлеп, қатысушыларға алғыс хаттар мен дипломдар табыс етті.

 Тағы суреттер

 


Келулердің саны: 6271