Жоғары

«Білім мен тәрбие – егіз ұғым» атты еркін форматтағы дебат

1 қыркүйек Білім күніне орай жас буын ұстаздары және аға буын ұстаздары арасында өткізілген

«Білім мен тәрбие – егіз ұғым» атты еркін форматтағы дебат

 

     Мақсаты: Жаңа заманғы білім беру үдерісіндегі заманауи педогогикалық технологияларды игерген, сонымен қатар сан жылдар сынағынан өткен дәстүрлі методиканың озық түрелерін қоса қолданатын, жан-жақты жас маманның, бүгінгі таңдағы педагогтың қалыптасуы үшін қандай нақты іс-әрекеттер жүзеге асырылуы қажет екендігін аға буын ұстаздар мен кейінгі буын мұғалімдері арасында талқыға салу. 

Жүргізуші Алтынбек Бекзат тарапынан білім қазақ халқының болашаққа бару жолындағы үлкен стратегиялық қоры екендігі,  білім беру жүйесін заман талабына қарай өзгерту, дамыту, жаңа талаптарға бейімдеу қоғамдық мәні үлкен мәселе болып тұрғандығы, Қазақстандық білім беру жүйесі тарихының жаңа кезеңі оқытудың жаңа жүйелері мен жаңа технологияларын зерттеуді, тиімділігін анықтап, оқу үдерісіне енгізумен ерекшеленетіні айтылды. «Білімді ұрпақ – ел ертеңі» атты кітап көрмесін абономент бөлімінің кітапханашысы Құнанбаева Маржан таныстырды. 

Келесі кезекте жүргізуші дебаттың шарттарымен таныстырды. Жас мұғалімдер бір топ болып, тәжірибесі мол ұстаздар екінші топ болып бөлінді. Әр топ мүшелері өз топтарына ат қойып, өздерінің топ басшыларын сайлады. Әр топтың дебатта алға қойған мақсатына сай ұраны жарияланды. Әр топтан бір-бір адамнан кезекпе-кезек сөйлеуге, айтылған аргументтерге контраргумент айтуға мүмкіндік берілді. Пікірталасқа қатысушылар кеңесіп болғанынша, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназияның 6 А сынып оқушысы Нуркина Құндыз «Мектебім» әнін орындады. «Өркен» жас мамандар тобы – Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназияның мұғалімдері - тарих пәнінің мұғалімі Бөкейхан Өмірбек, бастауыш сыныптар мұғалімдері  – Малтабарова Әйгерім,  Бөкенова Жұлдызай, ағылшын пәні мұғалімі Абитаева Меруерт төмендегі мәселерді қозғап, жаңашыл оқыту технологияларын жақтады:

  1. Жаңа оқыту технологияларының артықшылықтары. Білімнен бөлек тәрбие шет қалмайды ма?
  2. Дәстүрлі оқыту технологияларының кемшіліктері.


«Өрен»
аға буын ұстаздар тобының мүшелері – Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия мұғалімдері – шет тілдері пәндерінің мұғалімі Серикова Алмагүл, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Базылова Алтынай, Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның бастауыш сыныптар мұғалімі болып қызмет атқарған зейнеткер Иксанова Раиса мына мәселерді талқылап, дәстүрлі оқыту технологияларын жақтады:

  1. Дәстүрлі оқыту технологияларының артықшылықтары. Оқушы қабілетінің толық ашылуына кедергісі жоқ па?
  2. Жаңаша оқытудың кемшіліктері.

 

Әр қатысушыға берілген 3-5 минут регламент ішінде екі топ мүшелері кезекпе-кезек пікірлерін ортаға салды. Дискуссия барысында спикерлер эмоцияларын тежеуге тиісті болған шарт орындалып, бір-бірінің ар-намысына тиюі, жеке басына сын айтуы орын алмағады. Соңында топ басшылары – Бөкейхан Өмірбек, Серикова Алмагүл топ көзқарасын қорытындылады.

Дебат соңында кітапхана директоры Нурпеисова Мейрамгүл Сансызбаевна дебатқа қатысушылар тарапынан дәстүрлі оқытудың жылдар елегінен оқыту машықтары заман талап еткен жаңашыл технологиялардың кемшіліктері нақты дәлелдермен сараланып, артықшылықтары екі топтың ортақ ұсыныстарымен ортаға салынғанын айтты, сайыстың төрелігін шығарды. «Өрен» тобы «Ұлағатты тәрбие» номинациясына, «Өркен» тобы «Жаңашыл идеялар»  номинациясына ие болды. Барлық қатысушыларға кітаптар және естелік сыйлықтар табыс етілді. Іс-шара Ы.Алтынсарин мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптар мұғалімі Бөкенова Жұлдызайдың «Ұстазым» әнін орындауымен аяқталды.


Келулердің саны: 7125