Жоғары

«Мен кітапханаларды білім, адамгершілік, парасат ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары деп санаймын». Әбіш Кекілбаев

...

Құрметті сайт қонақтары!   

Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің сайтына қош келдіңіздер!

 “Халқың қандай?”- десең, салтыңнан сынап біл.

“Өзің қандай?” – десең, халқыңнан сұрап біл  -дегендей кітапхананың адамды тәрбиелеуде орны ерекше.

“Қыран – түлегіне қайыспас қайрат сыйлайды, ұстаз - шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды”- деп парасатты бағдарламасын алға тартса, кітапханашы оқырманына “Тәтті жеміс бұтақта,құттың құты кітапта” – деген нақыл сөзді алға тартады. Аталарымыздың асыл дәстүр-салтын, бабалар парасатын осы кітап арқылы сусындатудамыз. Өткен замандарда жасаған ақылмандардың бізге қалдырған ой-парасат мирасы мол.

Бүгінгі ұрпақ бұрынғылардың ақыл-кеңесіне құлақ салса адаспай, абыржымай, жаңылмай, жаза баспай арман-тілегіне жетеді. Осы даналардың өсиетін насихаттау кітапхана саласына қатысты.

Тәрбие - өмірдің өзекті мәселесі. “Ата-ананың ақылы – сайрап жатқан жолмен тең, зерделінің ақылы – сайрап жатқан жолмен тең” – деген нақылды кітапхана қызметкерлері берік ұстанып, өз оқырмандарына дұрыс бағыт, саналы тәрбие ретінде ұсынады. Әр оқырманның ой-санасына, талғамына ерекше көңіл бөле отырып, бүгінгі бөбектен бастап еңкейген қарттарға дейін еңбек етесің. Кітапханамызға келген  әр оқырман өз қылығымен, сүйкімділігімен, парасаттылығымен, еңбекқорлығымен ерекшеленеді.

Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты кітапханалар Сіздерді кітапхана оқырманы болуға шақырады.

Кітапхананың жұмыс тәртібі:

Дүйсенбі — сенбі күндері, сағ.:  9:00 – 18:30.

Үзіліс уақыты:  13:00 – 14:30 

Демалыс:  Жексенбі

Әр айдың соңғы күні  —  тазалық күні

 Электрондық поштамыз:  shet.library@mail.ru
Тел.: 
21-9-04, факс:  +7(710-31)21-0-93
Келіңіздер, күтеміз!

Кітапханаға жазылу үшін жасы 16 толған кез-келген азамат(ша) бола алады (өзімен бірге куәлігі болуы тиіс). 

Кітапхананы пайдалану ережесі

Кітапханада Абонемент және Оқу залына жазылуға болады. Кітапханаға жазылу барысында: Кітапхананың пайдалану ережесімен танысу, оқу залына жазылу барысында жеке куәлік немесе басқа да құжаттар көрсету міндетті. Кітапхана оқырманы оқырман формулярына қол қою арқылы алған кітабына жауапкершілігін белгілейді. Оқырман формуляры -оқырманның кітапханадан үйге алғандығын және қайтарғандығын анықтайтын құжат. Оқырманның тұрғылықты жері, тегі және басқа өзгерістер болған жағдайда оқырман кітапахана қызметкеріне хабарлама жасауы тиіс.

Сіздерді бізде өтетін іс-шараларға шақырамыз: кітап көрмесі, әдеби кеш, презентация т.б.


Келулердің саны: 498583

Соңғы мақала

«Көрісу - ынтымақ пен берекенің, татулық пен тағылымның көрінісі» және «Әділ істің - арты игі» атты екі бөлімнен тұратын дөңгелек үстел отырысы өтті

07.08.2019

... Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде шілде айының 17 күні «Көрісу - ынтымақ пен берекенің, татулық пен тағылымның…

Толық

Астана күніне орай аудандық орталық кітапханада Жазғы кітапхана ұйымдастырып өткізді.

08.07.2019

... Жазғы кітапхана мақсаты елорда туралы әдебиеттер мен ақын жазушылардың шығармаларын насихаттау,оқырмандарға таныстыру.     Жазғы…

Толық

«Домбыра – халық жүрегінің айнасы»

05.07.2019

... Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде шілде айының 1 күні «Домбыра – халық жүрегінің айнасы» атты әдеби- сазды…

Толық

«Өмірі өлеңге айналған халық ақыны»

04.07.2019

... Сағи  Жиенбаевтың туғанына 85 жылдығына орай аудандық орталық кітапхананың оқу залында  жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл…

Толық

«Ауылдық кітапханалар: даму бағыттары мен басымдықтары»

28.06.2019

... 2 күнге созылған семинар Маусым айының 28-29  күндері   аудандық орталық кітапханада кенттік, ауылдық, орталық кітапханалардың…

Толық

Book-crossing

18.06.2019

... Аудандық орталық кітапханада маусым айының 14 күні Абай Құнанбайұлының туғанына 2020 жылы 175 жылдығын  мерекелеуге арналған  және…

Толық

4 маусым – ҚР рәміздер күніне «Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері» атты дөңгелек үстел

05.06.2019

... Дөңгелек үстел барысын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалып ашылды. Кітапханашы Сулейменова Айдана Қазақстан…

Толық

«Жазғы кітапхана» акциясы

04.06.2019

... Рәміздер күніне орай аудандық орталық кітапхананың ұйымдастырумен «Жазғы кітапхана» акциясы өтті. Оқырмандар назарына…

Толық

«1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау» күні

01.06.2019

... Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастырылуымен «1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай, жазғы демалыста…

Толық

Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ- нің ұйымдастырумен 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Қазақ қайғысының қапалы кезеңі» атты тарихи сағат өткізілді.

31.05.2019

... Кеш барысын кітапханашы М.Құнанбаева 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні туралы мағлұмат беріп…

Толық